5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды

    Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеода әкім тілшіге жарықтың жиі сөнуіне трансформаторға қонатын құстар кінәлі екен айтады. Журналист пен әкім арасындағы диалог мынадай:

    – Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
    – Қарға? Алақандай құс?
    – Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.

    – Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
    – Қоршауы тұр ғой.
    – Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
    – Мәселені сол … қалай шешетінін білмеймін.
    – Ауданнан сұрайын ба?

    Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған. Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.

    Айта кетейік, бұған дейін Ерейментау әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың сөзі Қазнетте мемге айналғаны хабарланған болатын. Ол видеода қазақстандықтарға “өз өмірін жақсартатынын” айтып уәде береді. 

    қатысты посттар

    “Жеке мүддені қорғаштайды”. Кәсіпкерлер облыс әкімі Даниал Ахметовті сөкті

    Фариза

    Басшы болудан дәмелі шенеунік әкім лауазымын 50 мың долларға сатып алмақ болған

    Еуропарламент депутаттары Президенттікке үміткер Дания Еспаеваны құттықтады

    Пікір қалдыру

    sixteen − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.