Сәрсенбі, 28 Шілде 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда медициналық бұйымдарға қажетті шикізат өндірілетін болады

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан өнеркәсіп саласындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың бірі, бүгінде 650 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жылына 15 миллион дана бірреттік медициналық бұйымдар шығаратын «Super Pharm» фармацевтикалық зауытының мүмкіншілігімен артуда.

    ​Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев кәсіпорынға арнайы барып, онда қолға алынған игі бастамалар мен оң шаруалармен танысты.

    ​Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды Жамбыл облысынан бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне, тіпті көршілес мемлекеттерге де экспорттайды.

    ​Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақтар жиынтығы өндіріледі.

    ​Сондай-ақ жұмысшыларға да жағдай жасалған. Жаңадан орналасқан азаматтар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйренеді.

    ​Тағы бір айта кетерлігі жұмыс беруші балалар үйінен шыққан, тұрғын үйі жоқ жандарға зауыт ішінен салынған 100-ге жуық орынды жатахана мен асхана тегін қызмет көрсетеді.

    ​Бұл еліміз бойынша алғашқы фармацевтикалықзауыт екенін айта кетейік. Жауапкершілігі шектеулісеріктетігінің директоры Қайрат Қаймолдаевтыңайтынша, осы күнге дейін медициналық бұйымдардыөндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдайтын болса, енді сол шикізатты өндіру үшін зауыттың аумағындаүлкен корпустың жұмысы басталған. Келешектезауыттың қуаттылығы артып, жұмыспен қамтылатын азаматтар қатары арта түспек.

    ​Құрылыс жұмыстары мен кажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 млрд қаражатын жұмсаған серіктестік келер жылдың мамыр айында жұмыстарды толықтай аяқтап, 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтымақ.

    ​Сондай-ақ бұл корпуста мұнай қалдықтарынан ауылшаруашылық, жол жасау, құрылыс заттарына қажетті шикізат өндіріледі.

    ​Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы құрылыс жұмыстарын аралап, аудан экономикасының артуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

    Похожие записи

    Шымкенттегі перзентханада күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.