Сәрсенбі, 28 Шілде 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысындағы шағын ғана стансаға газ тартылды

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жұма стансасына газ келіп, ауылішілік көшелерге құбырлар тартылды. Жұмыс сапарымен арнайы барған ауданәкімі Сәкен Қаланұлы газ тарту жұмыстарын барлап қайтты.

    Айта кетейік, аудан әкімінің қабылдауларында және 2020 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуінде болған Жұма стансасының тұрғындары «көгілдір отын» мәселесін біржола шешіп беруін өтінген еді.

    Өйткені, халық арасында 50-ге жуық түтіні бар аядай ауылда мұндай игіліктер жасалуы әсте оңайшаруа емес деген сөз желдей есіп жүрген болатын.

    Ауыл азаматтарының бұл пікірін тыңдаған аудан әкімі Сәкен Арубаев Жұма стансасын назардан тысқалдырмайтынын, елді мекенге газ құбырытартылуына барынша ықпал ететінін айтып, көптің көңіліндегі түйінді тарқатқан.

    Нәтижесінде, облыстық бюджеттен 68 миллионтеңге бөлініп, құбыр тарту жұмыстары қолға алынған.

    Ауылдық округтің әкімі А.Мәнтеевтың айтуынша, қазірдің өзінде үй ішіне 42 азамат газ құбырын тартып үлгерген.

    Ал «көгілдір отынның» іске қосылып, оны пайдалану алдағы уақытта айқын болады.

    Себебі өткен жылы және биыл аудан аумағында 10 ауылға газ тартылса, кейбір елді мекенде бұл процес әліде жүргізіліп жатыр.

    – Шағын ауылымызға көгілдір отын тартылады деп бұрын ойлай да алмаушы едік. Енді міне қиялымыз нақты іске айналып отыр. Бұл да болса Мемлекет саясатының жемістілігін көрсетеді. Жергілікті жерде оны нәтижелі жүзеге асырып отырған облыс, аудан басшылығына ризашылығымды білдіргім келеді. Біз қарапайым тұрғындар да елдегі оң бастамаларға атсалысып, өзіміздің дұрыс көзқарасымызды білдіріп отыру керекпіз. Сонда бірлігіміздің арқасында осы секілді игіліктерге, толайым табыстарға қол жеткізе бермекпіз, -дейді ауыл тұрғыны Ескендір Нұрланов.

    Осы ауылдарда жұмыстар толығымын тиянағын тапқан кезде, үлкен магистралл газ құбыры арқылы барлық елді мекенге табиғи отын пайдалануға беріледі.
    ​Жалпы, Жамбыл облысында тұрғындарды таза ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да – басты назарда. Атап айтсақ,  жыл соңына дейін 44 мың тұрғын тұратын 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 88,7 пайызға жетпек. Сол секілді 20 елді мекенге газ тартылып, газдандырылу үлесі 83,8 пайызды құрамақ. Осылайша 257 елді мекендегі 953 мың жамбылдықтың көгілдір отын қолы жететін болады.

    Похожие записи

    Сыр диқандары рекордтық көрсеткішті жаңартты

    Фариза

    Шетелден тәжірибе алмасу үшін медициналық мамандар келеді

    Фариза

    Жамбылдағы сауда желілеріне өнімдер делдалдарсыз жеткізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.