10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тараз қаласының автопаркі жаңа автобустармен толықты

    «City bus» ЖШС жолаушылар тасымалының жайлылығы мен қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келетін «Golden Dragon» маркалы он екі жаңа автобус сатып алды. Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін тапсыру шарасы өтті.

    Жаңа автобустар қала тұрғындарына №8 бағыт («Small» супермаркеті – мөлтекаудандар – Жамбыл даңғылы – Төле би даңғылы – Қазыбек би көшесі – Абай даңғылы – Көшеней көшесі) бойынша қызмет көрсетпек. Ескі автобустар диагностикадан өтіп,жөнделіп, басқа бағыттарға шығатын болады.

    – Қоғамдық көлік мәселелері туралы бекерге айтылып жүрген жоқ. Қарбалас уақыттарда автобустар шамадан тыс толатыны белгілі. Тұрғындар үнемі әлеуметтік желілерде үнемі шағымданып, облыс орталығына кең, сыйымды автобустардың жетіспейтінінжазып келеді, – деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа көліктерді таныстыру барысында.

    Аймақ басшысы тариф көтерілген кезде тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасын да арттыру бойынша да шаралар қабылдауға міндеттелгенін еске салып өтті. 

    – Жергілікті тасымалдаушылар қоғамдық көліктердегі жол жүру тарифтерінің төмендігіне наразылық білдірген болатын. Сондықтан жолақы құнын көтеру және «TulparCard» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу туралы шешім қабылданып, ол қолма-қол есеп айырысуды барынша азайтуға және төлемдер жүйесін ашық етуге мүмкіндік берді. Қазір қала тұрғындарының 98 пайыздан астамы «TulparCard» картасын пайдаланады. Тасымалдаушылардың табысы 1,5 есеге артты. Дегенмен, олар әлі өз уәделерін орындауға асықпайтындай. Алматылық «City bus» ЖШС өз қаражатына жаңа автобустар сатып алыр отыр, тағы осындай бірнеше көлік алуға дайын. Жергілікті тасымалдаушылардың да өз міндеттемелерін орындайтын уақыты жетті. Біздің мақсатымыз – жыл сайын жүз автобус сатып алу арқылы автопаркті толығымен жаңарту, – деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев егер тасымалдаушылар субсидия алғысы келсе, онда адал және ашық жұмыс істеу керектігін баса айтты.

    – Барлық ескі, тозған автобустарды ауыстыру керек. Біз Тараздың туристер үшін тартымды орталыққа айналғанын қалаймыз. Ал қонақтар үшін ыңғайлы логистиканы қамтамасыз ету – аса маңызды, – деді өңір басшысы.

    «City bus» ЖШС өкілі Нұрлан Елшібаевтың айтуынша, сыйымдылығы 90 адам болатын 12 метрлік жаңа автобустар кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен (әр автобуста 7 бейнекамера), пандустармен, GPS навигациялық жүйесімен жабдықталған.

    қатысты посттар

    Шымкент: 276 орамда инфрақұрылым мәселесі шешімін тауып жатыр

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі чемпиондарды марапаттады

    Фариза

    BI Group компаниясы Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция салуға дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.