19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазнетте шенеуніктерден құралған отбасыға қатысты дау шықты

    Алматы облысында аудан әкімі орынбасарының отбасына қатысты шу шықты. Оған шенеуніктің мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін отбасы мүшелері себеп болған. Жағдайға қатысты Ақсу аудандық әкімдігі пікір білдірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Қазақстандықтар желіде Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаевтың шенеуніктерден құралған отбасын талқылап жатыр.

    Оның әйелі Сәуле Сабырбаева да аудандық әкімдікте қызмет істейді. Ол кәсіпкерлік бөлімін басқарады. Ал олардың ұлы Санжар Сабырбаев Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.

    Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат желі қолданушылардың таңданысын тудырған. Олар мұның еліміздің заңнамасына қайшы екенін айтады.

    Сондай-ақ “Мемлекеттік қызмет туралы” заңға сәйкес туыстар бір-біріне тікелей бағынышты лауазымдарды атқара алмайтындығы атап өтілген.

    Ақсу ауданының әкімдігі жел қолданушыларының наразылығына қатысты жауап берді. Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, ерлі-зайыптылар расымен де бір жерде жұмыс істейді. Алайда әртүрлі бағытта және бір-біріне бағынышты емес.

    “Аудан әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы өкімімен бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аудан әкімінің орынбасары Сабырбаев экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдеріне жетекшілік етеді.

    Кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Сабырбаеваға келер болсақ, ол аудан әкіміне тікелей бағынады. Ал бөлім мәселелеріне қатысты аудан әкімінің басқа орынбасары (Құсмолдин) жауап береді”, – дейді Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мағжан Шындәулет.

    Сонымен қатар ведмоство Сабырбаевтардың аудандық әкімдікте ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын және белгілі бір жетісікке өз еңбектерінің арқасында жеткенін атап өтті.

    Мәселен, Амандос Сабырбаев 1998 жылы маман ретінде еңбек жолын бастап, 2017 жылы әкім орынбасары болып тағайындалған.

    Ал Сәуле Сабырбаева 1997 жылы аға маман қызметінен бастап, 2017 жылы кәсіпкерлік бөлімге жетекші болған.

    Похожие записи

    Ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз – Білім және ғылым министрі

    Фариза

    Еуропарламент депутаттары Президенттікке үміткер Дания Еспаеваны құттықтады

    “Президент театр жұмысшыларының жалақысын естігенде, үнжырғасы түсіп кетті

    Пікір қалдыру

    nine + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.