16 C
Алматы
Жұма, 14 Мамыр 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Пітір садақаны қай кезде берсе сауабы мол болады?

    Сіз пітір садақасын бердіңіз бе? Биылғы пітір садақаның мөлшері – 420 теңге. Жағдайыңыз келсе, бұдан да артық беруге болады. Бұл жайында Ernur.kz сайты жазады.

    Алла Тағала ораза ұстаған әрбір пендесінің ниетін қабыл етіп, молынан сауап жазылуын тілейміз. Рамазан айы басталғалы бері оқырмандарымыздың тарапынан Рамазан айы, ораза ұстау, ауызашар, сәресі туралы сан түрлі сұрақтар жолдануда. Әсіресе, пітір садақасы туралы тереңірек білгісі келетіндердің қарасы басым. Оқырмандарымыздың сауалына Шымкент қаласы Қайтпас-1 мөлтекауданындағы Байғұт баба мешітінің бас имамы Желеуов Дастан мырза жауап береді.

    — Дастан мырза, пітір садақаның басқа садақадан айырмашылығы неде?

    — Басты айырмашылығы – пітір садақасы тек Рамазан айында ғана беріледі. Пітір садақасын беру әрбір мұсылман адамға – міндет. Пітір садақаның мөлшері адамның бір күндік азығымен өлшенеді. Биылғы мөлшер – 300 теңге. Бұл садақа жоқ-жітікке, кедейлерге үлестіріледі. Оны берудегі басты мақсат – айт мерекесінде кедейлер де дастархан жайып, мерекелік көңіл күйде болсын деген шынайы ниет.

    — Пітір садақаны мөлшерленген ақшадан артық беруге бола ма?

    — Әрине, пітір садақаны артық беруге рұқсат етіледі. Кедейлерге 4 келі бидайдың құнымен өлшенсе, ал байлар 3-4 келі құрманың құнымен пітір садақа беретін болған. Өздеріңіз де білесіздер садақаны аз беруге болмайды, көп берсеңіз сауап болады.

    — Рамазан айының қай онкүндігінде берілген садақаның сауабы мол болады?

    — Жаратушы иеміз шын ниетпен берілген садақаның сауабын молынан етеді. Пітір садақаны Рамазан айы басталғаннан Ора­за айтына дейін беру міндетті. Рамазан айының әр күнінде береке бар. Бірақ ғұламалар Рамазан айының соңғы онкүндігінде, яғни Қадір кешіне туралап бергендігі туралы айтылған. Жалпы, бұл айдың кез келген күнін дұға-тілекпен, садақа берумен, жақсылық жасаумен өткізу сауап деп айтар едім.

    — Пітір садақасын кімдерге береді?

    — Жоғарыда айтып өткенімдей, пітір садақаны әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге, кедейлерге беру сауап. Еліміздегі барлық мешіттерге пітір садақасын салуға арнайы жәшіктер қойылған. Садақаны соған салсаңыздар да болады. Бүгінде жағдайы төмен отбасылар мешітке келіп тіркеледі. Рамазан айының соңына қарай жиналған қаржыны осындай отбасыларға үлестіріп беріледі.

    Міне, қадірлі оқырмандар, сіздер білгіңіз келген сауалға тұшымды жауап алдыңыздар деп ойлаймыз. Бұдан бөлек, пітір садақасы туралы ата-әжелерімізден естігендерімді қоса кетейін.

    Атам марқұм «Садақаны алдымен туысыңнан баста. Сауабы мол болады» деп айтып отырушы еді. Санамызға сіңген сол өсиет бүгінде өз жалғасын табуда.

    Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Садақаны туысына берген адамға екі сауап бар: Бірі – туыстық сауабы, екіншісі – садақа сауабы», – деген.

    Пітір садақасынның белгіленген нақты қаржысын отбасындағы әрбір жанға көбейтіп, есептеу керек. Тіпті, дүниеге келмеген құрсағымыздағы сәбилерді де есептейтін едік.

    Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Осын­дай күн­де (айт мей­рамы кү­ні) ке­дей­лер­ді қайыр са­да­қа ті­леуге мұқ­таж ет­пең­дер», – де­ген.

    Бар-жоғы 30 күндік ораза кезінде жазылатын толағай сауап бәріңізге нәсіп болсын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңыз бен берген садақаңызды қабыл етсін!

    Похожие записи

    Сот “саяси тұтқын” Кенжебек Әбішевтің ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды

    Фариза

    Қызылорда облысында жедел-жәрдем шақыртушылар саны азайды

    Фариза

    Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкер салықтық жеңілдікке қол жеткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.