12 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады – Бекшин

    Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының “қызыл” аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз”, – деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.

    Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті. Алматы қаласында пандемия басынан бері 21547 жағдай тіркелді.

    қатысты посттар

    Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады

    Фариза

    Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторларында қайтыс болды

    Фариза

    Олжас Әбішев 127 млн теңге бюджет қаражат жымқырған болуы мүмкін – БАҚ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.