8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Екінші тоқсанда 40 мың оқушы дәстүрлі түрде білім алады

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуалға байланысты 132 598 оқушы І тоқсанды қашықтан оқыды. Ал, ата-аналардың өтініші негізінде 1-4 сынып оқушылары үшін 2027 кезекші сынып ашылды. Онда жалпы 28 694 бала дәстүрлі түрде білім алуда. ІІ тоқсанда оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 19267 бала дәстүрлі білім алатын болады. Жалпы, 39357 оқушы мектепте оқытылады.

    «Бірінші оқу тоқсаны 4 қарашада аяқталады. Ал бағалау максималды 10 балдық жүйені құрайды. Яғни, БЖБ 25 пайыз және ТЖБ 50 пайыз қосындысы бойыншы қорытындыланады. 2-11 сынып оқушыларына І тоқсанның қорытындысы шығарылса, 1 сыныптікі бағаланбайды. Үстіміздегі жылдың 5-14 қараша аралығында оқушылар 10 күндік демалысқа шығады. Екінші тоқсан 16 қарашада басталады. Екінші тоқсанда 2720 кезекші топ ашылып, 39357 бала оқиды деп күтілуде», – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

    Айта кетейік, оқушылардың қашықтан оқуына байланысты Үкімет резерві есебінен бөлінген қаржыға 22 870 дана құрылғы алынды.

    қатысты посттар

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    Шымкент: covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

    Фариза

    ШҚО-ның медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерінде жаңа пәтерге ие болды

    Пікір қалдыру

    16 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.