4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    САРАТС: 4 компонент республикалық бюджеттен қаржыландырылады

    Қызылорда облысында САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруды бастау жұмыстары жүргізілуде. Екінші фаза 8 компоненттен тұрады. Ол екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезеңге енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен қаржыландырады. Қалған жұмыстар Дүниежізілік Банк есебінен жүзеге асады. Ол «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы деп аталатын болды.

    «Дүниежүзілік Банктің қарыз қаражатын тарту бойынша рәсімдердің созылуына байланысты, ел Үкіметі бірінші кезеңге енгізілген 4 компонентті республикалық бюджет есебінен бастау жөнінде шешім қабылдады. Яғни, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзетуді және Қызылорда су торабын кешенді жөндеу облыстың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді. Ал Қазалы ауданында Бірлік елді мекені тұсында көпір салу Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ. «Қызылорда су торабын қайта жаңғырту» компоненті бойынша «Қазсушар» РМК қаржысы есебінен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді», – дейді облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов.

    Дүниежізілік Банкпен қаржыландырылатын жобаның компонентеріне қосымшы ұсыныстар енгізілетін болады. Бүгінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай ұқсас жобаларды әзірлеуге мамандандырылған халықаралық компанияларды іріктеу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

    қатысты посттар

    Демалысты аңсап жүргендердің назарына!

    ШЫМКЕНТ: МЫҢ ДАНА ШАР МЕН МАСКА ТАРАТЫЛДЫ

    Фариза

    Шымкент қаласының әкімі қос орынбасарын қызметінен босатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.