8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда облысына қажетті көмірдің 69 пайызы жеткізілді

    Биылғы жылу маусымына облыс тұрғындарына 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қазір соның 113 мың тоннасы, яғни 69 пайызы жеткізілді.

    Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 жинақтау қоймасы бар. Бесеуі Қызылорда қаласында, қалғаны аудандарда. Облыстағы 1185 әлеуметтік нысан және көпқабатты тұрғын үйлер жылуға қосылды.

    «Қызылорда қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 713 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазір тек жетеуіне жөндеу жұмыстарына байланысты жылу берілген жоқ. Қалғандары толық қосылды. Ал шағым жасап жатқан тұрғын үйлерде құбырлардың ауасын шығармау секілді жұмыстар жүргізілмеген. Мұндай мәселелер ретімен шешіліп жатыр», – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.

    қатысты посттар

    Ұлан ауданының прокуроры жұмыс сапарымен ауданның барлық ауылдық округтерін аралап шықты

    Жамбылда ұлттық домбыра күні аталып өтті

    Шымкент: пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы жазылып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.