4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

    Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.

    Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын. Солардың бірі – Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда.

    Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШСАвторлық қадағалаушы

    – «Саулет-SKB» ЖШСТехникалық қадағалаушы

    – «Акмол Тех Надзор» ЖШС

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Б. Сапарбаев: Спорт нысандары демалыс күндері де ашық болуы тиіс

    Фариза

    Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

    Фариза

    Қала әкімдерінің рейтингі