5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

    Шымкент қаласында педагогика саласы қызметкерлерініңонлайн тамыз конференциясы өтті. 

    Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттыңхатшысы Ғани Ташқараев, «NUR OTAN» партиясыШымкент қалалық филиалы төрағасының біріншіорынбасары Бахадыр Нарымбетов, аудан әкімдері, ардагерұстаздар және білім басқармасының, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Олар саладағы өзектімәселелер мен жетістіктерді саралап, жаңа оқу жылынаарналған міндеттерді айқындады. Онлайн режимінде өткеніс-шараға барлығы 10 мыңнан астам адам қатысты.

    Конференцияда  қалалық  білім басқармасының басшысыЖанат Арысбекқызы 2019-2020 оқу жылында атқарылғанжұмыстары мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, эпидемиологиялық   жағдайға байланыстыжаңа оқу жылында 14 940 бастауыш сынып оқушысы үшіната-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлықталаптарды сақтай отырып, 996 кезекші сынып  ашылады. Олар  тек бір кабинетте бір мұғаліммен ғана оқиды.  Үзілістер әртүрлі уақытта, сыныптағы балалар саны 15-тен аспайтын болады екен. 

    Бүгінде мектептер «Bilim Iand – Onlinemektep.orq» интернет платформасында қашықтан оқытуға толығымен дайын.  Шымкент қаласынlа сервер орнатуды «Қазақтелеком» АҚ арқылы қамтамасыз етуде.   

    Сонымен қатар, 36 мектепке ішкі әжетханалар  орнатумәселесі шешіліп, 136 мектеп 100 пайыз бейнебақылаукамерасымен қамтамасыз етілді. 

    Кеңес барысында шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлыжыл сайынғы жаңа оқу жылы алдында өткізілетін тамызкеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын екенін атап өтті. 

    «Елімізде алғаш  рет балалар жаңа оқу жылынқашықтықтан оқумен бастауда. Қашықтықтан оқубарысында көптеген қиыншылықтарға  қарамайұстаздарымыз үнемі іздене отырып, бірлігімен, белсенділігімен, жауапкершілігімен қала абыройынасқақтата білді. Бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшінбарлықтарыңызға алғысымды білдіргім келеді»,- деді қалаәкімі.

    Сондай-ақ, білім саласының басшыларына жаңа оқужылында барлық білім беру ұйымдарында санитарлықталаптардың сақталуын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріорын алатын барлық қызметті цифрландыруды, техникалықжәне кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқытудыжәне «Жас маман» жобасы бойынша жұмыстарды сапалыжүргізуді тапсырды. 

    Г.  ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    АБАЙ АУДАНЫ: ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Фариза

    Жамбылдағы Бесағаш ауылында асарлатып салынған 4 үй берілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ҚОРҒАСЫН ЗАУЫТЫНЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.