9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр елінде «Зекет» қоры мұқтаж жандарға 25 пәтер табыстаған

    Қызылорда облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созатын «Зекет» қоры 2 жыл ішінде 25 отбасыға пәтер кілттерін табыстаған. Белсенді, жанашыр азаматтардың демеушілігімен жүзеге асырып жатқан қайырымдылық қоры құрбан айт кезінде еріктілермен бірге әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға құрбандық малын жеткізіп, қолдау көрсеткен.

    Сыр елінде 2011 жылы ашылған «Зекет» қоры әртүрлі деңгейдегі қайырымдылық бастамаларын іске асырып келеді.
    Қоғамдық қор «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында тұрмысы төмен отбасыларға пәтер табыстау бағытында алдағы уақытта пәтер кезегінде тұрған жандарға баспана тарту етпек. Сонымен бірге Сыр елінің жанашыр азаматтары мен белсенді жастарының демеушілігімен көпбалалы, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға қыс мезгілінде қыстық отын жеткізу, азық-түлік себеттерін үйлестіріп келді.

    Айта кетейік, құрбан айт мейрамы кезінде Сыр елінде мұқтаж жандар мен көпбалалы отбасы мүшелеріне 35 тонна 960 келі құрбан еті таратылды.

     

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік маркет ашылды

    Фариза

    Жалағашта бірқатар мектептер күрделі жөндеуден өткізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.