9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба қаржыландырылды

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба
    қаржыландырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының
    орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы
    аясында облысқа 3 млрд.423 млн.теңге бөлінген. Аталмыш бағдарлама аясында жыл
    басынан бері жалпы құны 1,3 млрд.теңгеге 38 жоба субсидияланып, 497 млн.теңгеге 22
    жобаға кепіл берілген.

    Шағын несиелендіру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 млрд.353 млн.теңге
    қарастырылған. Аталмыш қаржының 3 млрд.103 млн.теңгесі ауылдық елді мекен
    кәсіпкерлерін несиелендіруге, 250 млн.теңгесі Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерді
    несиелендіруге бағытталған. Апталмыш бағдарлама аясында жыл басынан бері 127 шағын
    және микро бизнес субъектілері 548 млн.теңге несие алған.

    «Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Жобалық кеңсенің
    қарауына жалпы сомасы 13,3 млрд.теңгені құрайтын 150 түсті. Оның ішінде жалпы құны
    7,5 млрд.теңгені құрайтын 93 жоба банктермен және Аграрлық несие корпорациясымен
    мақұлданып, жалпы құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба қаржы институттарының
    қарауында жатыр. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда. Жоғарыда аталған
    мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалардың қаржыландыруында Кәсіпкерлер
    палатасының мамандары кәсіпкерлерге ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,
    жобаларын сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді», – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

    қатысты посттар

    Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 44 адам босатылды

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Шиелі ауданында 681 жаңа жұмыс орны ашылады

    Фариза

    Арал ауданында жаңа амбулатория ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.