12 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталуда

    Қызылорда облысында төсек орын саны 976 орыннан 2405-ке дейін, яғни 146,4%
    көбейді. Оның ішінде қосымша инфекциялық 645, провизорлық 1760 төсек орын
    дайындалды. Пневмониямен шақырыс саны 246-дан 51-ге , яғни 79,2% азайды.
    Аймақта 6 ПТР аппараты жұмыс жасауда. Тәулігіне 700 сынама алуға
    мүмкіншілік бар. 29 тамызда ветеринарлық қызметінің екі және «Олимп» медицина
    орталығының аппараттары іске қосылады. Ұлттық сараптау орталығында 15 маман
    оқытылуда. Аймақ бойынша 10 ПТР аппараты халыққа қызмет жасап, анализдер санын
    тәулігіне 1500-ге жеткізіледі деп күтілуде.

    Рентген аппараты саны екі есеге көбейіп, 52-ге жетті. Бастапқы уақытта 64 өкпені
    жасанды желдету аппараты болған. Бүгінгі күні демеушілердің көмегімен қосымша
    аппараттар алынып, облыс көлемінде 107 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс
    жасауда. Сондай-ақ, 153 оттегі концентраторы, 896 оттегі баллондары бар.

    2407 медицина қызметкеріне қаржылық қолдау мақсатында пандемия кезеңінде 4
    айда 1 млрд 117,6 млн. теңге төленді. Жедел жәрдем қызметіне күнделікті қоңыраулар
    саны 2120 – дан 996-ға түсті. Шілде айының басында бір күнде стационарға 450 тұрғынды
    жатқызылса, бүгінгі күні 251 адамға азайған.

    қатысты посттар

    «Syr Volonterlery»: Қызылорда облысындағы еріктілер орталығы ауқымды жұмыстар атқарып жатыр

    Фариза

    Әйелдер жұмысынан айырылып қалмау үшін жаппай жатырларын алдыруда

    10 соттық жерді алу үшін өтінішті қалай береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.