30 C
Алматы
Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Қызына иттің майын қинап жегізген Баян Алагөзова көптің сынына қалды (видео)

    Баян Алагөзова қызына иттің майын ішкізгені үшін көпшіліктен сын естіді. Продюсер екінші қызы Айаруға иттің майы мен жылы сүт беріп, ем жасады. Көпшілік бұған әр түрлі пікір жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Айару анасының қолын кері қайтарып, иттің майын жегісі келмегенімен анасы қолқалап қоймады. Жеуге міндеттеген соң қызы көнуге мәжбүр болды.

    Баян Мақсатқызы мұның иттің майы мен сүт екенін ашық айтып, бұл туралы  парақшасында өзі бөлісті. Ал, желідегі көпшілік продюсерді сынай жөнелді. Бұның исламда харам екенін айтып жатыр. Бірі шынында да иттің майы ауруға ем ретінде көмектеседі деп жақтады.

    «Иттің майын жегізгені несі? Орыс болып кеткен. Мұсылманда мұндай жоқ», «Иттің майы зиян, мұсылмандар жемейді, оған тыйым салынған», «Кей адам иттің майы көмектесті деп жатады ғой, шипасы бары рас шығар», «Жиіркенішті, жиіркенген нәрсені жеуге болмайды, керісінше ауру табады», «Иттің майын бүгін, ертең шошқаның майын жегізесің», деп шулады көпшілік.

    Ел арасында иттің майын ем ретінде жейтіндер бар. Енді бірі бұған мүлде қарсы. Корей медицинасы иттің етін ауруға қарсы ем ретіне көп қолданады. Оның туберкулез, малерия ауруларына шипа екенін айтады. Алайда өзге мамандар мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

    Эпидемиолог Меруерт Оразованың айтуынша, иттен адамға эхинококкоз ауруы жұғу мүмкін. Бұл иттің ішегі арқылы жұғатын паразиттер. Ол адамның бауырына түсіп асқындырады дейді.

    «Иттің еті, майын жеу дінімізде тыйым салынған. Себебі ит жаман нәрсені, нәжісті жейді. Ол медициналық тұрғыда да зиянды деп танылғандықтан шариғатта тыйым салады», – деді «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Ілияс Отаров.

     

    Похожие записи

    Нұрлан Еспанов: Үкіметтік жұмысқа кіру деген еркектіктен айырылу деген сөз

    Фариза

    Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

    “Жасарып кетіпті”: Желіде Нұрғали Нүсіпжанов пен жас әйелінің жаңа суреті тарады (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.