10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 7 типтік мал қорымы салынады

    Қызылорда облысында бүгінде 83 типтік жобадағы мал қорымы бар болса, биыл
    типтік жоба бойынша Аралда 5, Жалағашта 2 мал қорымы салынады. Бұл туралы
    облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов мәлімдеді.
    «Қазіргі таңда өңірге қажетті 96,9 мың бас мүйізді ірі қара, 236,8 мың бас уақ мал,
    9,3 мың бас түйе, 1,1 мың бас шошқаның құлақ жапсырмаларына тапсырыс берілді. 6
    айда «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» бойынша барлығы 22738
    ветеринариялық анықтамалар рәсімделіп, мемлекеттік қызмет көрсетілді», – дейді
    Ерсұлтан Амантайұлы

    Сондай-ақ аймақта әртүрлі жұқпалы және паразитарлық аурулардың алдын алу
    мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жою жұмыстары тұрақты жүргізіліп
    келеді. Үстіміздегі жылы, 54,0 млн теңге бөлініп, қазіргі күні 10194 бас қаңғыбас ит пен
    мысық ауланып, жойылды.

    Үстіміздегі жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында
    ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында
    аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5552,4
    мың доза ветеринариялық препараттың 5524,6 мың дозасы немесе 99,5% уақытылы
    тасымалданып жеткізілді.

    Айта кетейік, облыста бекітілген жоспарға сәйкес 6 айлық алдын ала егу
    жұмыстары толық орындалған.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Фариза

    Қызылордада мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыруда кемшіліктер жойылды

    Фариза

    Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп бой көтереді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.