5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда құрылыс жұмыстары қарқынды

    Биыл Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол
    картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 42 жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін
    бюджеттен 4 млрд 11 млн 89 мың теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда әрбір нысан
    басында қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Солардың бірі – ауданның Бозкөл ауылындағы №96 мектепте жүргізіліп жатқан
    жөндеу жұмыстары.

    Мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Мансури» және «Қазалы
    Тұлпары» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда шатыры мен терезесі ауыстырылып, жылу
    жүйесі мен электр желісі жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін
    толығымен аяқталады. Құрылыс басында 48 адам жұмыс істесе, оның 24-і жергілікті
    тұрғындар.

    Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында Аранды мен Басықара ауылындағы
    клубтар мен Қ.Пірімов ауылындағы спорт алаңына да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл маң ауыл балаларының спортпен шұғылдануына,
    бос уақытын тиімді өткізуіне өз септігін тигізеді.

    Айта кетейік, биыл мұндай спорт алаңы Кеңес одағының батыры Үрмәш
    Түктібаев атындағы ауылда да пайдалануға беріледі.

    Сонымен қатар, «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» аудандық маңыздағы
    автомобиль жолының 16 мен 30 шақырым аралығына орташа жөндеу жүргізіп жатқан
    мердігер мекеме «МФК – Тұран» ЖШС-ның жұмысы қызу жүріп жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскеге жөндеу жұмыстары 2018 жылы
    басталған болатын. Сол жылы 3,7 км жол толықтай бұзылып, асфальт қабатын төсеу
    жұмыстары жүргізілді. Ал, 2019 жылы 10,3 км жол қайта тегістелді. Биыл қалған қаржы
    облыстық бюджеттен толықтай бөлінді. Алдағы уақытта «Қарлаң» қалқымалы көпірі мен
    Қожабақы ауылының арасындағы жол толықтай асфальттанатын болады.

    қатысты посттар

    Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда

    Фариза

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

    Фариза

    Назарбаевтың ескерткішін қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Бозымбаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.