19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Ұлымның тірі екенін сеземін»: Елордада отбасы 9 жыл бұрын жоғалып кеткен баласын әлі іздеп жүр

    Осыдан 9 жыл бұрын Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Сарыоба ауылынан астанаға барам хабар-ошарсыз кеткен Әскер Әбжановты туғандары әлі іздеп жүр. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасыНа сілтеме жасап хабарлайды.

    2011 жылы тамызда үйінен шыққан бала Конституция күніне орай өткізілетін парадты көзбен көремін деп кеткен екен. Елордаға жеткеннен кейін ата-анасына телефон арқылы хабарласып, достарының үйіне түскенін айтқан. Бірақ, мұнан кейін баланы көрген ешкім жоқ. Телефонын ол сол күні-ақ сөндіріп тастапты. Ата-анасы болса ұлдарының тірі екеніне сенімді және оны қалайда болса табамыз деп үміттерін үзбей келеді.

    «Мен ұлымның ұзақ уақытқа кететінін сездім. Соңғы рет хабарласқанында қайдасың деп сұраған едім, жауап бермей, телефонды сөндіре салды. Ертесіне телефоны мүлдім өшірілді. Міне, содан бері хабар жоқ», – дейді баланың әкесі Қайыржан Әбжанов.

    Әскердің достарының кім екенін ата-ана білмейді. Полицияға хабарласып, шағымын айтқан. Алайда, тәртіп сақшылары жүргізген іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген. Ал, балгерлер болса Әскердің тірі екенін айтып, ата-анасына үміт сыйлаған. Қазір олар елорданы аралап, ұлдарын өздері іздеп жүр.

    Похожие записи

    “Өмір бойына бас бостандығынан айыру, мораторий, зейнет жасының ұлғаюы” 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай заңдар күшіне енді?

    Фариза

    ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді

    Фариза

    Психолог пікірі: Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.