9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Елтай тұрғын алабында үйлердің құрылысы басталды

    Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан
    зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды. Үйлердің құрылысын еліміздегі ең ірі
    құрылыс мекемесінің бірі болып табылатын «Bi Group» компаниясы өз
    қаржысы есебінен жүргізетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме
    тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

    Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Елтайға арнайы барып, тұрғызылып жатқан
    үйлердің құрылысымен танысты. Қала басшысы тұрғын үй құрылысын салуда
    елімізде көш бастап жүрген аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.
    Осы айдың соңында аяқталуы жоспарланған үйлердің өлшемі 11х11 метрді
    құрайды. Ал аумағы 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар, қабырғасы
    газаблоктан, шатыры профнастилден болады. Жоба бойынша ішкі және
    сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізіледі.

    Естеріңізге сала кетейік, QAZWEEK.KZ ақпарат сайты су тасқынынан зардап
    шеккен үйлердің мәселесін көтеріп, билік өкілдерінің назарына жеткізген
    болатын. Баспанасы қатты зақымданған Күләйхан Чоңжы апаның
    бұйымтайын да дер кезніде көтерді. Нәтижесінде кейуананың үйі қайта
    салынатын болды. Өз сөзінде Күләйхан апа сайт тілшілеріне алғысын
    жеткізді.

    Мұрат Дүйсенбекұлы су басып өткен аулалар мен көшелерді аралап көріп,
    ондағы тұрғындармен кездесті. Өз кезегінде әкім су тасқынынан шығынға
    ұшыраған тұрғындарға «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан
    тиісті көмек көрсетілетінін және барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң
    тұрғын алаптағы бас көшеге асфальт жол төселетінін айтып өтті.
    Кездесу барысында тұрғын Жаңабаев Батырхан қолдау көрсетіп жатқан
    барша қызметкерлерге алғысын білдіріп, кезінде демеушілер есебінен
    салынған Тоғыс өзенінен өтетін Елтайдағы екінші көпірді жөндеп беруін
    сұрады. Осы ретте, қала әкімі көпір салу бойынша тиісті жұмыстар
    жүргізілетінін және қаржы бөлу бойынша мәслихатқа ұсыныс хат енгізілетінін
    жеткізді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда “тарихи экскурсия” ұйымдастырылды

    Шымкентте 3 500- ге жуық кезекші сынып ашылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР АУЫЗАШАР ОРНЫНА ТҰРҒЫНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫН ҮЛЕСТІРДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.