10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Спорт

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Кеше Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналған оқу корпусы» құрылыс объектісін салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

    Еске салайық, Спорт және дене шынықтыру комитетін бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарады. Комитет басшысы осы жағдайға байланысты 24.kz тілшісіне пікір білдіріп, егер орынбасарының жемқорлық қылмысын жасағаны дәленденсе, қызметінен кетуге дайын екенін айтқан.

    «2018 жылы мектеп интернатының құрылысы басталды. 2019 жылы аяқталуы тиіс болатын. Сол жылдың аяғында біз келісімшартты өзгерттік, биыл жыл соңына дейін құрылыс аяқталуы тиіс. Қазір орынбасарыма қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді біз соттың шешімін күтеміз. Егер оның кінәсі толық дәлелденген жағдайда, мен өтініш жазуға дайынмын», – деді комитет басшысы Серік Сәпиев.

     

    қатысты посттар

    “Көзін жоюға бұйрық берді” Атырау перзентханасында екі айда 50-ге дуық бала шетінеп кеткен

    Фариза

    Абайлаңыз, алаяқ! ЭЦҚ-ны алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

    Фариза

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.