10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    “Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?” Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Бүкіл әлемді сергелдеңге салып, төтенше жағдай енгізген коронавирустың кеселімен қатар еліміз бүгінгі таңда тағы да бір апатпен күресуге мәжбүр болып отыр. 2020 жылды 1- мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы “Сордаба” су қоймасы бұзылып,  Мақтаарал ауданындағы “ЦГК” каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылып, бірнеше елдімекенді су басып қалды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр.

    Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай жөніндегі тиісті қызметтер Мақтаарал ауданындағы 4 елдімекеннен 5400 адамды эвакуациялауға мәжбүр болдыБірқатар тұрғындар өз көліктерімен туғантуыстарына жайғассақалғандары эвакуация барысында Атакент кентіндегі мектептерге жайғастырылды.

    Апат айтып келмейді. Басшылық барынша Арыстың тәжірибесіне сүйеніп, халықты қауіпсіздік аймақтарына көшіруге тырысқанымен, қазіргі жағдай дәл Арыстағы жарылыс болған кезеңмен бірдей емес. Коронавирустың кесірінен үйлерне қамалуға тырысқан халық енді, топ-тобымен мектептерді паналауға мәжбүр болып отыр. Ал медицина мамандарының айтуы бойынша коронавирустың жұғу қаупі өте жоғары, сондай-ақ көпшілік орындарда жиналу өте қауіпті екендігін айтқан болатын. Ал апаттың әсерінен дәл қазіргі жағдайда 600-700 адам бір жерде отыруға мәжбүр болып отыр.

    Оған қоса, егер де судың деңгейі әлі де көтерілетін болсаМақтаарал ауданындағы тағы да қосымша  4 елді мекенді эвакуациялау жоспары бар

    Әрине, халықты судың астында қалдырмай, эвакуациялаған өте дұрыс шешім. Дегенмен, апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па деген сауал туындайды осы тұста.

    Бұл суреттер эвакуациялау барысында түсірілген. Байқап отырғанымыздай, не маскалары жоқ, не арада сақталған қашықтық жоқ. Сергелдеңде халықтың мұндай жағдайды ойлап жатпайтыны белгілі. Дегенмен, бұл жағдай алдағы уақытта да осылай жалғаса бермек пе? Жауаптылар қауіпсіздік шараларын жасауға қашан кіріспек?

    Су апатына байланысты, қазір 500-700 адамды бір мектепке эвакуациялауда, бұл жағдай қазіргі елдегі індет үшін де өте қауіпті. Соған орай сақтық шаралары ретінде басшылық қандай амал жасап жатыр?

    Сақтық бойынша, кеселді жұқтырмау үшін адамдар арасында кем дегенде 1 немесе 1.5 метр қашықтық болу керек. Эвакуацияланған халықты мектептерде қалай орналастыру жоспарлануда?

    Эвакуацияланған тұрғындарға маска, антисептик сынды медициналық сақтану құралдары берілді ме?

    Коронавирус жас баладан гөрі, үлкен кісілер үшін өте қауіпті. Балалар мен егде тартқан жандарды бөлек шоғырландыру жоспарда бар ма?

    Дәл осы сұрақтар төңірегінде Qazweek.kz ақпарат агенттігі тиісті орындарға сауал жолдады.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Тікұшақ пен ұшақ соқтығысып, 7 адам қаза тапты (видео)

    Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

    Фариза

    Қапшағайда жасөспірім асылып қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.