10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдақасымова өзінің ақшалай сыйақы алғанын растады

    Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдақасымова өзінің ақшалай сыйақы алғанын растады. Бірақ, медицина қызметкерлерін қолдау үшін бөлінген қаражаттан өзіне қомақты сыйақы тағайындады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Есте болса, бұған дейін медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Конеев Алматының бас санитарын «карантинде жатса да өзіне ірі көлемде сыйақы тағайындаған» деп айыптаған болатын.

    «Басқаларға қалай бөлінсе, мен де соншалықты алды. Мен сыйақыны өзіме өзім жазбаймын, оған құқығым да жоқ, комитет бөледі. Біз тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен аламыз және соңғы рет Наурыз мейрамы кезінде Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті берген. Медицина қызметкерлерін қаржылай қолдау үшін Halyk Bank  бөлген тізімнің арасында қаланың санитарлық қызметі де бар. Ел қанша алса, мен де соншалықты сыйақы алдым», – деді ол.

    Конеевтің сөзінше, Молдақасымова қалалық медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу мәселесін қарастыратын комиссияға мүше. Сол үшін ол қосымша ақша алады дейді ғалым.

    Айзат Молдақасымова Германиядан Covid-19 инфекциясы бар адаммен бір ұшақта отырғаны үшін  14-24 наурыз аралығында үй карантинінде болған еді. Қосымша қаржы тауып отыр деген айыптауды ол жоққа шығарды.

    «Мен және өзге де санитарлық қызмет мамандары бұл жұмыс үшін жәрдемақы алмаймыз. Бұл жалған ақпарат. Мен мұны адастыру деп санаймын», – деді Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.

    қатысты посттар

    Мәжіліс депутаттарының қазақ тілін үйренуіне қаржы бөліне ме?

    Фариза

    Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Оңтүстік Кореяда 16 айлық сәби коронавирусқа шалдықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.