5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Түркістандағы блокпостта дене температурасын градусникпен Өлшеуде

    Түркістандағы блокпостта жанжал! Дене температурасын градусникпен өлшемек болған мамандар жұрттың ашуын тудырды. Тепловизордың жоқтығынан көлік кептелісі туындап, адамдар қызуын бір құралдың көмегімен анықтауға мәжбүр! Бұған көнбеген кейбір тұрғындар полицейлермен сөзге келіп қалған. Оқиға орнынан түсірілген видеоларға қарасақ, аталмыш аймақ төтенше жағдайға дайын емес сияқты. Бұл туралы Qazweek.kz  ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Мен көрсетем. Неге біз тұрмыз жарты сағаттан астам? Біздің тірлігіміз жоқ па? Мен градусникті қолтығыма салмаймын. Ол кімнің қолтығында болмады, ол?”.

    Бұл – Түркістан қаласына кіреберіс блок-постта 40 минуттан астам уақыт тұралап қалған жолаушының жанайқайы. Оның сөзінен ұққанымыз, ұзын-сонар кептелістің пайда болуына мамандардың жолаушыларды қарапайым градусникпен тексеруі себеп болған. Ал, ақ халаттылар осы блок-постқа тапсырылған 6 бірдей тепловизор ауа-райының қолайсыздығынан температураны дұрыс көрсетпей қалғандығын айтады.

    СӘУЛЕ ИСАХОВА ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: “Сол күні мына ауа- райының қолайсыздығына байланысты периметрлер жақсы көрсете алмағандықтан настрайвать еткенше жаңағы градусниктерді қолдануға тура келді.20 минуттан кейін өз қалпына түсе бастады. Жұмыс жүріп жатыр. Ол ережені бұзды деген сөз емес. Бізде қаулыда термометрия өткізуіміз керек. Градусник болса да бола береді”.

    “Саламатсыздар ма? Қай қаладан келіп жатырмыз? Шымкенттен. Мұнда тіркелеміз. Ағай шетелдерде болмадыңыз ба? Жақын арада Қытай, Оңтүстік Корея. Туысқандарыңыз келген жоқ қой? Жоқ-жоқ!”.

    Қазір Түркістан облысының аумағында орнатылған 37 блок-постта бақылау күшейтілген. Онда әрбір адамның температурасы өлшеніп, жеке сақтандыру нөмірі тіркелуде. Осы арқылы Нұр-Сұлтан қаласынан 147, Алматыдан 146 адам Түркістан қаласына кіргені анықталыпты. Оңтүстік Корея мен Ресейден келген 5 азамат та дәрігірелердің тұрақты қадағалауында екен.

    Қауіпсіздік мақсатында облыс аумағындағы барлық автовокзалдар кешеден бері жұмысын уақытша тоқтатты. Ауданаралық бағыттардағы рейс саны 50 пайызға қысқартылған. Ал, аты жаман індетке шалдыққан науқаспен бірге “Нұр-Сұлтан – Жетісай” бағытындағы қоғамдық көлікпен 56 адамның келгені белгілі болды. Олардың көбі оқшауланған. Алайда, 10 адам әлі табылмады деген ақпар тарауда. Бұған қатысты аймақтың құзырлы органдары бір-біріне сілтеп, түщымды жауап бермеуде.

    СӘКЕН ҚАЛҚАМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: “Осы орайда Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында 646 FNB 13 регион автобуспен келген азаматтардың аты-жөні белгілі. Бұл азаматтар өз еркімен жергілікті медицина мекемелеріне барып тексеруден өтуі тиіс”.

    Карантинге жатқызылған азаматтардың қатарында автобус жүргізушісі де бар. Оған тіптен, жолаушылар тасымалы ережесін бұзғандығы үшін айыппұл да салыныпты. Облыстық полиция департаментінің өкілдері болса, блок-посттарда кептеліске тап болғанедарды бұған түсіністікпен қарауға шақыруда. Бәрі қауіпсіздік үшін жасалуда дейді

    қатысты посттар

    Вакцина қабылдаған жамбылдықтардың саны 300 мыңға жуықтады

    Фариза

    Елімізде 20 Адам Коронавирустан Жазылып Шықты

    Фариза

    Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.