10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус Қоғам

    «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді Ұзарту ұсынылды

    Қазақстан Ұлттық Банкі коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты халықтың қаржылық жағдайын қолдау үшін Елбасының халыққа «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде бастама жасалған «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына, сондай-ақ «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді.

    Бағдарламаларға толықтырулар коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді.

    Банктер қарыз алушыларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауға және олардың мәселелерін жеке-жеке шешуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде қиын ахуалға тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады. Бұл ретте аталған өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.

    «Баспана-хит» бағдарламасы бойынша қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру банктермен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.    

    Тұрғын үй бағдарламаларының қарыз алушылары ай сайынғы төлемдерінің мерзімін ұзартуды елде төтенше жағдай енгізілген күн 2020 жылғы 16 наурыздан бастап ала алады.

    қатысты посттар

    Әкімдік қызметкері оқушы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

    Фариза

    Бұл – халыққа қызмет көрсету емес, халықты мазақ ету – депутат АвтоХҚКО туралы

    Фариза

    Руслан Жанпейісов бостандыққа шығып, халық пен мемлекеттен кешірім сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.