5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Коронавирус

    “Өзбекстан халқы бұл қауіпті бірге жеңеді” Қазақстанның қазба байлығымен байыған миллиардер Шодиев Өзбекстанға коронавиру пен күресуге көмектеспек

    Қазақстанның тау-кен саласы арқылы байыған миллиардер Фаттах Шодиев Өзбекстанға коронавируспен күресуге көмектеспекші. Атап айтқанда, Шодиевтің халықаралық қоры Өзбекстандағы жағдайы төмен отбасыларға және қарт адамдарға азық-түлік пен дезинфекциялық заттармен көмек көрсетпекші. Бұл көмектің аумағы бүкіл Өзбекстанды қамтиды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Arasha.kz порталына сілтеме жасап.

    “Ақылды әрі мықты Өзбекстан халқы бұл қауіпті жұмылып жеңетініне күмән жоқ. Шодиевтің халықаралық қоры елде коронавируспен күреске бар күшін салып, тиімді көмек көрсетеді” делінген қор таратқан ақпаратта.

    Миллиардер Шодиев Қазақстан жерінде ұзақ тоқсаныншы жылдардан бері қазба байлықтарды өндіріп сатумен айналысатын евразиялық топтың қатарына кіреді.

    Компанияның мәліметінше, ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service. Ал компанияның  құрылтайшылары ретінде директорлар Кеңесінің мүшелері: Александр Машкевич – ERG S.а.r.l. Директорлар кеңесінің төрағасы, Алиджан Ибрагимовм-а – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі, Патох Шодиевм-а – ERG S.a.r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі деп көрсетілген.

    қатысты посттар

    Атырау қаласының әкімдігі дайын пәтерлерді көпбалалы отбасыларға бермей отыр

    Фариза

    “Оның бәрі заңсыз әрекет екен…” – митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

    Пікір қалдыру

    twenty + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.