4 C
Алматы
Сейсенбі, 31 Наурыз 2020
https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Коронавирус Қоғам

    Kaspi.kz кредит төлемдерін екі айға кейінге шегеретінін хабарлады. Михаил Ломтадзенің компания клиенттеріне үндеу жасады

    Михаил Ломтадзе клиенттерді қолдау бағдарламасына кімдер қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz/kz порталына сілтеме жасап.

    Михаил Ломтадзенің айтуынша Kaspi ең алдымен бағдарламаға қатысуға жұмысынан айырылған немесе қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер өтініш бере алады. Kaspi клиенттерін қолдау бағдарламасына қашан өтінім беруге болады?

    – 2 сәуірден бастап, Kaspi.kz ұялы қосымшасында. Барлығын үйден шықпастан, онлайн жасау үшін мобильді қосымшада жасаймыз. Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтінімді қалай беруге болады?

    – Біз Kaspi.kz мобильді қосымшасының ішінде ыңғайлы, қарапайым қызметті жасаудамыз. Ол дайын болған сәтте қосымша нұсқаулық таратамыз. Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу талаптары қандай?

    – Kaspi.kz қолдау бағдарламасына жұмысынан айырылған және қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер қатыса алады. 3 маңызды шарт:

    1.      Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына өтінім берген сәтте кредиті бойынша төлем уақыты өтіп кеткен қарызы болмауы керек.

    2.      Кредит 2020 жылдың 18 сәуіріне дейін рәсімделген болуы керек.

    3.      Бағдарлама қатысушыларына қаржылық жағдайы нашарлап кетпес үшін қаржылық жағдайы жақсарғанша, жаңа кредит берілмейді.

    Related posts

    Сапарбаев: Тұрмысы төмен отбасылар көмекті ақшалай емес, тауар ретінде алады

    Фариза

    100 жылда бұлттар жойылады. Ғалымдар дабыл қағуда

    Тұмаудан қорғай алмаған бетперде короновирустан қалай сақтамақ?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.