8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Коронавирус қаупі: Министрлік демалыссыз жұмыс кестесіне көшті

    Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин коронавирустың әлемде кеңінен таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойы жұмыс істеуге кіріскенін мәлім етті деп хабарлайды Qazweek.kz Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

    “Қазір әлемде коронавирусқа қатысты жағдай екі-үш күн сайын өзгеріп тұрады. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі 6 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істеуге көшті.

    Бұл дегеніміз, демалыс та, мейрам да жоқ. Осының арқасында жағдайды күн сайын бақылап, шұғыл шараларды қолға алуға мүмкіндік бар”, – деді Бекшин елордада өткен баспасөз мәслихатында.

    Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайда эпидемияға қарсы шаралар тиімді жүргізіліп келеді.

    Соның арқасында коронавирусқа шалдыққандардың саны азайып отыр. Алайда Еуропада осы індетті жұқтырғандардың қатары күрт көбейген.

    Атап өтер болсақ, Италия, Франция, Германия, Швейцария, Нидерланды, Швеция мен Норвегияда коронавирусқа шалдығу жағдайлары көбірек тіркелуде. Осыған байланысты бас санитар Еуропа елдеріне бармауға кеңес берді.

    “Ол жақта аурудың көрсеткіші күрт көтеріліп кетті. Себебі бір одақ, адамдар емін-еркін жүреді. Ішкі шекара жоқ. Әуежайлары үлкен, адам көп жиналады”, – деп атап көрсетті Бекшин.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері елімізге коронавирус жақын күндері кіруі әбден мүмкін екенін айтып, мәлімдеме жасады.

    қатысты посттар

    200 мың айлық ұсынамыз, бірақ жұмыс істейтіндер жоқ – вице-министр

    Фариза

    Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілді

    “Үндемей құтылған дұрыс…” – Жиналыста ұйықтап отырған Косарев өзін сынағандарға жауап берді

    Пікір қалдыру

    four − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.