26 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Мұхтар Жәкішевтің қызы: “Әкемнің не үшін шығып жатқанын нақты айту қиын”

    Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Жәкішева эксклюзив сұхбат берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

    Бұған дейін екі рет шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтініш берген әкелерінің дәл осы жолы босап шығатынына жақындары сене қоймапты.

    Тіпті, әкесінің босағаны туралы сүйінші хабарды ең алғаш кімнен естігені де Әйгерім Жәкішеваның есінде жоқ.

    «Бұл болған кезде таңғы сағат 6:00 болатын және менің телефоныма жан-жақтан хабарласа бастады. Шешімді айтқан кезде оны босататынын айтты. Көбірек сенімсіздік болды. Мұның болып жатқанына сенімсіздік болды, оған сенуге қорқасың. Себебі, мен қазір қуансам тағы бір нәрсе болып, оны қайтадан босатпай қоя ма деп қорқасың. Мен және отбасым, бәрі бұл жаңалыққа қуанды, бірақ сонымен қатар, сенбейді, қорқады, таң қалуда, қабылдауға тырысып жатыр.

    Біз тек жай ғана отырып осы 15 күннің ішінде ешнәрсе өзгермеуін, әкемізге барып, оны алып кетуімізді тілейміз. Әкемнің не үшін шығып жатқанын нақты айту қиын, себебі ешкім дұрыс жауабын білмейтін шығар. Бірақ, менің ойымша, бұған барлығының аздап көмегі тиді. Шынында, менің алғашқы сөздерім не болатынын білмеймін. Мүмкін, ұзақ уақыт құшақтасамыз», – деді Әйгерім Жәкішева.

    қатысты посттар

    Мәулен Әшімбаев: Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдаспаймыз

    Фариза

    “Өтірікші, халықты күштеп көндіріп, өз билігін өлгенше сақтап қалуға тырысумен өткендер шын жеңімпаздар емес” – Досым Сәтпаев

    “Өсек таратуды доғарыңыздар. Мен сіздерге дүнген ретінде айтамын…” – Мәжіліс депутаты Қордайдағы қақтығысқа байланысты ағынан жарылды

    Пікір қалдыру

    fifteen − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.