5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев Мұхтар Жәкішевке қатысты мәселеге пікір білдірді

    2010 жылы жемқорлық әрекеттері үшін 14 жылға сотталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰК бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бірнеше мәрте мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш білдірген болатын. Алайда, оның қалауы қанағаттандырылмай, сот шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл мәселеге қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп өтті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігіг Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды сұхбат беріп, бірқатар маңызды тақырыптарды көтерді. Көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген мемлекет басшысы сотталған Мұхтар Жәкішевке қатысты да пікір білдірді. Қазіргі таңда, “Қазатомөнеркәсіптің” бұрынғы басшысы түрмеде отыр.

    Президенттің сөзінше, ол сотталған азаматтың бірнеше мәрте мерзімнен шартты түрде босатуды сұрағанынан хабардар. Ол өтінішін денсаулығына байланысты білдірген болатын. Алайда, Тоқаев бұл мәселені шешуге тек қана сот қауқарлы екенін жеткізді.

    Оған қоса, мемлекет басшысы үшінші наурыз күні аталмыш іс бойынша сот отырысы болатынын мәлімдеді. Ол үкімнің шығуын күтуге кеңес берді. Президент сот шешімі әділ болатынына кәміл сенімді.

    Еске сала кетейік, “Қазатомөнеркәсіп” ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

    2019 жылғы 24 шілдеде Семей соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қабылдамаған болатын.

    Сондай-ақ 10 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші тағы дақабылданбағаны хабарланған.

    қатысты посттар

    Жоғары білімі жоқтар ауыл әкіміне сайлауға түсе алады

    Фариза

    “Зайсанға арнайы жасақ келді” Қордайдағы қақтығыс ШҚО-да да орын алуы мүмкін бе?

    Фариза

    Тасмағамбетов қызметінен босатылды

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.