8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    Бір өзі 10 жігітті құлататындай мықты болған Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қаза тапты дегенге сену қиын (видео)

    Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторында қайтыс болуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында брифинг өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Аталмыш брифингке ҚР ІШкі министрінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Өтегенов Ерлан Рахымжанов, Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша Адам құқықтары уәкілі Азимова Елвира Абылқасымова және ҚР ІІМ өкілі Құлжабаева Орынбасар Молдашевна қатысып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

    «Дулат Ағаділдің жақындарына оның мезгілсіз қаза табуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Сараптама нәтижесі бойынша, қаза тапқан азамат Ағаділдің қанының құрамында орта дәрежеде алкогольдің бар болғаны анықталды. Сонымен қатар, сот сараптамасы денесінде ешқандай жарақаттың жоқ екендігін анықтады. Камераға оқшаулау барысында Ағаділдің денсаулығына байланысты ешқандай да арыз-шағым түспеген және ол камерада Дулат Ағаділден басқа төрт адам отырған», – дейді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

    Ресми деректерге сәйкес, таңғы 7:00 шамасында Дулат Ағаділ дәретханаға шығып, кейіннен жерге тізерлеп отырып, есінен танып құлап қалған.

    ҚР ІІМ өкілі Құлжабаева Орынбасар брифинг барысында ІІМ ғимаратының алдына жиналған бір топ адамды агрессорлар деп атап, олардың мақсаты тек халықты көтеру деп айтып өтті.

    Алайда, ҚР ІІМ ғимаратының алдына келген Дулат Ағаділдің әйелінің құрбысы Серікбековна Назым қаза тапқан белсендінің ешқашан да денсаулығына байланысты кінарат болмағанын жеткізді.

    «Дулат Ағаділ өте мықты жігіт болған. Крек болса, он ер адамды да жалғыз өзі сұлатып тастайтын. Сап-сау адамның аяқ астынан жүрек талмасынан тіл тартпай кеткеніне сенбеймін», – дейді.

    https://www.facebook.com/azattyq/videos/501308373890365/?vh=e

    Оның айтуынша, Дулат Ағаділді түннің жарымында 10-15 шақты адам келіп, үйіне баса-көктеп кіріп ешнәрсе деп ескертпестен жұлқылап ұстап алып кеткен. Дулат Ағаділдің осы уақытқа дейін бірнеше рет уақытша ұстау изоляторына қамалғаны да белгілі болды.

    Айта кетейік, Дулат Ағаділ – әлеуметтік проблемалар және азаматтық құқықты сақтау мәселесін көтеріп жүрген белсенді. Биыл тамыз айынан бері бірнеше әкімшілік жазаға тартылып, кем дегенде 60 тәулік қамауда отырған.

    Ол 2019 жылдың 16 желтоқсанында рұқсат етілмеген акцияға қатысты деп айыпталып, 10 тәулікке қамалған еді. Қарашаның ортасында әкімшілік қамауда отырған Целиноград аудандық тергеу изоляторынан қашып шығып, ол әрекетін “заңсыз қудалауға қарсылығым” деп түсіндірген. Полиция екі күн бойы іздеген белсенді 15 қарашада өзі бас прокуратура алдына келген. Кейін ол “сот қаулысын орындамағаны үшін” тағы 6 тәулікке сотталған.

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    “Тастаушы болмаңдар” Сәресі туралы не білуіміз керек?

    Ораза кезіндегі жыныстық қатынастың тәртібі

    Ринат Зайытов: Дулат Ақәділ де жауыздардың саяси ойынының құрбаны болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.