10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коронавирус өршіп тұрған қаладан 94 қазақстандық студент елге оралмақ

    Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жедел брифинг өткізген Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті. Қазір Уахань қаласында жүрген 94 қазақстандық жатақханаларынан шықпай отыр. (ҚР СІМ дерегі бойынша 98 студент)

    «Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері Қытайдағы Қазақстан азаматтарымен тікелей байланыста отыр. Ерекше назар бөлініп отырған жер – Ухань қаласы. Онда 94 қазақстандық студент бар, олардың бәрімен телефон арқылы тікелей байланыс орнатып отырмыз. Қытай билігі жоғарғы оқу орындарының басшылығына шетелдік студенттерді бақылауда ұстауды тапсырған. Қазір олардың жатақханаларына азық-түлік, керек болса, дәрі-дәрмек тасып отыр», – деді бүгінгі брифингте Жандарбек Бекшин.

    Қауіпті  өршіп тұрған Ухань қаласындағы Қазақстан студенттерін елге қайтару мәселесі қазір Үкіметте қаралып жатқаны белгілі болды.

    «Үкімет тарапынан бұл мәселе қарастырылып жатыр. Біздің студенттерді қайтару мәселесі қысқа мерзімде шешіледі деп күтіп отырмыз», – деді ол.

    Естеріңіге сала кетейік, коронавирустың жаңа түрі көптеп тарап, өршіп кеткен соң, қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы уақытша тоқтады.

    Қазақстанның  Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу туралы және вирустың алдын алу шаралары жөнінде кеңес өтізген болатын.

    Ал, Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус салдарынан 56 адам көз жұмғаны белгілі. Басқа 1,9 мыңнан астам адам ауру жұқтырған.

    Аталмыш індет Қытайдан өзге, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Канада сияқты елдерге де жеткен.

    қатысты посттар

    Жәрдемақымызды жеп отыр – мүгедек жандарды күтушілер

    Фариза

    12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрауда

    Фариза

    “Маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді” Президент жастарды сынға алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.