8 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    “Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?” Алматы тұрғындарына дабылды ескерту

    Табиғаттың айтып келмейтін апаттарының бірі – жер сілкінісі. Жер сілкінісі қалалардың қирауына, адамдар мен жануарлардың опат болуына себеп келеді. Жер сілкінісі нәтижесінде сан түрлі зардаптар –ғимараттардың бұзылуы, өрттер, опырылып құлаулар, селдер, су тасқындары, цунами және көшкіндер туындайды.

    Осы уақытқа дейін тиісті түрде дайындық және эвакуациялық (көшу) шараларды жүргізбегендіктен, жер сілкінісі үлкен экономикалық шығынға және көп адамдардың құрбан болуына алып келуде.

    Қазақстан әлемдегі  жер сілкінулері болуы мүмкін белсенді сейсмикалық аймаққа жатады.

    Соңғы жүз жылда аймақта көптеген апатты жер сілкіністері болған. Бүгінгідей күшті жер сілкіністері XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында қазіргі Алматы аумағында орын алған болатын. 2017 жылғы Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына сәйкес шамамен Қазақстан Республикасы аумағының 30% 6-дан 9 балға дейін күшті жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады екен. Ал бұл жерде шамамен 6 миллионнан астам адам өмір сүреді. Күні кеше Алматы қаласындағы сейсмологиялық институт тұрғындарға кез-келген уақытта орын алуы мүмкін күшті жер сілкінісіне дайын болу керектігін ескертті. Сондықтан Qazweek.kz ақпарат агенттігі жер сілкіні кезінде не істеу керек, қажетті ақпаратттармен бөліспек.

    Ең бірінші, кез-келген адам жер сілкінісіне дейін және жер сілкінісі кезінде өз әрекетін саналы және жүйелі түрде жоспарлай алуы керек. Ол үшін келесі іс-әрекеттерді орындау керек:

    • Ата-аналарыңызбен және мұғалімдеріңізбен бірге жер сілкінісі кезінде үйде, мектепте, кинотеатрда, театрда, көлікте және көшеде, сонымен қатар жер сілкінісі болмастан бұрын және болғаннан кейін қалай әрекет жасау керектігі туралы жоспарды ойластырыңыздар.
    • Пәтердегі, мектептегі, көшедегі қауіпсіз орындарды анықтаңыздар.
    • Отбасы мүшелеріңізбен алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін талқылаңыздар.
    • Жер сілкінісі кезінде отбасы мүшелерінің әрқайсысы әр жақта жүрген жағдайда, қалай және қайда кездесетіндіктеріңізді анықтаңыздар.
    • Жер сілкінісі біткеннен кейін, сіз өзіңіздің қайда екеніңізді және жағдайыңызды хабарлау үшін қоңырау шалатын досыңыздың немесе туысыңыздың нөмірін таңдап жазып қойыңыздар.
    • Қүжаттарды, ақшаларды, қалта шамын (жылжымалы электр фонары) және қосымша батарейкаларды, дәрі қорапты, ысқырықты, сонымен қатар қажетті телефон нөмірлерінің тізімін қолайлы орынға қойыңыздар.
    • Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су және азық-түлік сақтаулы тұруы керек.
    • Үлкендерден кереуеттерді терезенің және сыртқы қабырғалардың жаиынан алыс қоюды, пәтерге кіретін жолға және дәлізге заттарды үйіп тастамауын өтініңіздер.
    • Пәтердегі  шкафтарды, сөрелерді ата-аналарыңызбен бірге шегелеп бекітіңіздер, ал жоғарғы сөрелердегі және антресольдердегі ауыр заттарды алып тастаңыздар.
    • Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, тез тұтанғыш сұйыктарды) жақсы оқшауланған сенімді орында сактаңыздар.
    • Электрді,  газ бен суды өшіру қажеттілігі туындаған жағдайда, ажыратқыштың, газ және су шүмектерінің қайда орналасқанын білу керек.

    Сондай-ақ, жер сілкінісіне дейін дабыл дорбасын дайындап қойған жөн. Дабыл дорбасына қандай заттар салынуы керек:

    • Ақша және құжаттар
    • Алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық қорап
    • Су (мөлшермен қыста 3-4 литр, жазда 5-6 литр
    • жоғары каллориялы консервілік тамақтар
    • Гигиеналық құралдар
    • Қосамша киімдер (киім, аяқ-киім, көрпе)
    • Апатты жағдайда керек заттар (фонар, компас, ысқырық, т.б)

    Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

    Ғимараттың шайқалуын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың қүлағанын көргенде, күшейіп жатқан гуілді және сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіздер!

    Егер сіздердің үйлеріңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжаттарды, ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыздар.

    • Далаға шыққаннан кейін – ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыздар, тұйық көшелерден аулақ болыңыздар.
    • Үзілген сымдардан сақтаныңыздар.
    • Сабырлылық сақтаңыздар және басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыздар.

     Ал егер Сіздер ғимараттың ішінде  қалып  қалуға мәжбүр болсаңыздар, онда:

    • Отырыңыздар да бастарыңызды бір қолдарыңызбен  жабыңыздар,  ал екінші қолдарыңызбен  берік  орнатылған бір заттан ұстаныңыздар.
    • Қауіпсіз жерлерге: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыздар.
    • Егер мүмкін  болса,  үстелдің  астына тығылыңыздар – ол сіздерді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды.
    • Терезелер мен ауыр  жиһаздардан алыс болыңыздар.
    • Майшамдарды,  сіріңкені,  оттықтарды  қолданбаңыздар, электр қуатын қоспаңыздар – газдың шығып кету салдарынан өрт тұтануы мүмкін.

     Жер сілкінісі кезінде мыналарды істеуге болмайды:

    • Үрейленіп жүгіру.
    • Есікте кептеліс жасау.
    • Лифтіні қолдану.
    • Баспалдақ аралығына шығу.
    • Балконға шығу.
    • Жоғарғы  қабаттардың терезелерінен немесе балконнан секіру.
    • Майшамдарды,  сіріңкені,  оттықтарды  қолдану,  электр  қуатын қосу
    • Егер сіздер автокөлікте болсаңыздар, онда: ашық жерге барып тоқтаңыздар,бірақ соққылар тоқтағанға шейін көліктеріңізді тастамаңыздар.
    • Басқаларға көмек көрсетуге дайын  болыңыздар.

     Жер сілкінісінің алғашқы түрткісі кезінде 

    Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында  болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе үстелдің астына кіріңіз – олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
    Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.

    Егер сіз автомобильде болсаңыз, түрткілер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

    Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:

    • ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы;
    • сынған шынылардың құлауы;
    • үзілген электр сымдары;
    • пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
    • өрт;

    Жер сілкінісінен кейін не істеу керек?

    Ең бірінші, дүмпулердің нақты  тоқтағанын тосу керек. Жер қыртысы дүмпулері тоқтағаннан кейін, көмекке шақырыңыз. Еденді тарсылдатып ұрыңыз немесе Сізді тауып алғанға дейін дауыс беріп тұрыңыз. Мүмкіндігінше, өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз.

    Есіңізде болсын, от жағуға болмайды, унитаздың күбішесіндегі суды ішуге болады, ал құбырлар мен батареяларды дабыл беруге қолдануға болады.

     

    қатысты посттар

    Табысы аз отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр

    Фариза

    Алматы облысында бір үйдің үш адамын атып тастаған (видео)

    Фариза

    Яссауи кесенесіне келушілерге 500 литр наурыз көже таратылды

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.