13 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    8 адам қаза тапты: Қызылордадағы апатқа байланысты жаңа деректер шықты

    Қызылорда облысында таңертең жантүршігерлік жол апаты болды. Оқыс оқиға туралы әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Абдрахманов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы апаттан қаза тапқандар саны 8 адамға жетті, 21 адам зардап шекті.

    Автобустағы жолаушының барлығы Қазақстан азаматтары екендігі айтылды.

    Мұнай компаниясына қарасты автобус жолаушылары Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

    Абдрахмановтың сөзінше, автобус жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай, салдарынан аударылды.

    Қазіргі уаөытта тергеу органдары жұмыс істеп жатыр.

    Еске сала кетсек, “Қызылорда-Құмкөл” тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылды.

    Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты.

    Автобус “Құмкөл-Қызылорда” бағытында кетіп бара жатқан.

    Жол апаты Қызылордадан 85 шақырым қашықтықта орын алды. Қызылорда облыстық ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылды.

    Ведомство мәліметінше, оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істеді.

    қатысты посттар

    Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

    Фариза

    Мойындалған – ” Халық қаһармандары”

    Фариза

    Ресей АЭС-ті Өзбекстанда салатын болды

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.