10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Кәсіподақ кадрлары жасаруда

    Салалық білім және ғылым кәсіподағының төрайымы  А.Мұқашева Жезқазғандық жас педагогтармен кездесті. А.Мұқашева салалық кәсіподақ тарапынан жас мамандарды қолдау мақсатында жасалып жатқан шараларын атап өтіп, кәсіподақтың жастар саясатына қатысты сөз қозғады. Салалық кәсіподақ басшысының айтуынша, кәсіподақ құрамындағы жастардың үлесі қазір 35% құрап отыр. Бүгінгі таңда Кәсіподақтың аудандық бөлімінің төрағаларының орташа жасы 40 жасты құрап отыр, бұрын бұл көрсеткіш 63 жасты құраған. Кәсіподақтың облыстық және аумақтық ұйымдардағы төрағалардың орташа жасы 55 жасты құрайды, бұрын аталған көрсеткіш 63 жасты құраған.Салалық кәсіподақтың кадрлық резерві аясында тек қана басшылық құрам ғана емес, сонымен қатар облыстық, аумақтық ұйымдардың, сондай-ақ Орталық комитет аппаратының жұмысшыларының да орташа жасы «жасарып» отырғаны байқалады.

    Жыл сайын салалық кәсподақ саладағы жас мамандарды қолдау, олардың бойына көшбасшылық қасиеттерін сіңіру мақсатында Республикалық жастар жазғы лагерін өткізеді. Өткен жылы дәл осындай шара жоғары деңгейде Алматы облысында ұйымдастырылды. Лагер барысында мамандардың құқықтың мәдениетін арттуры мақсатында түрлі семинарлар, коучинг, тимбилдингтер өткізіледі. Жас педагогтар өз тәжірибелерімен бөліседі, проблемаларын ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылайды. Екі сағатқа созылған кездесу барысында жас ұстаздар салалық кәсіподақ басшысына өздерін толғандырған түрлі сауалдарын қойып, жауап алды. Кездесуге келгендер сындарлы сұхбатқа көңілі толғандарын айтып, кәсіподақ тарапынан қолдауды сезінетіндерін жеткізді.

    қатысты посттар

    Қызылордада 102 шақырым жаяу жүргінші жолы салынып жатыр

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар медициналық мекемелерге 44 жаңа санитарлық жедел жәрдем көліктерін табыстады

    Фариза

    Таразда тұңғыш рет “Ауыл әйелдерінің форумы” өтті

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.