8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    Әмиян тауып алған такси жүргізушісінің әрекеті жұртты таңғалдырды (видео)

    Ақтауда көлігінің ішінен әмиян тауып алған такси жүргізушісі елдің ықыласына бөленді. Ол ғаламтор арқылы әмиянның иесін тауып алып, құжаттары мен бір бума ақшасын қайтарып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

    Такси жүргізушісінің сөзіне қарағанда, «Желтый рынок» ауданында оның көлігіне екі әйел отырады. Оларды айтқан жеріне дейін жеткізіп салғаннан кейін, екі сағаттан соң жүргізуші жұмысқа бару үшін көлігіне отырады. Сол уақытта ол артқы орындығынан әйелдің әмиянын тауып алған.

    «Әмиянның ішінде құжаттар мен 141 мың теңге ақша болды», – дейді такси жүргізушісі.

    Адамгершілігі мол такси жүргізушісі әйелді тауып алу үшін видео жазып, онда әлгі екі әйелді қай ауданнан және қай жерге дейін жеткізіп салғанын айтып, бейнені инстаграмға жүктейді.

    Көп уақыт өтпей әмиянның иесі такси жүргізушісіне хабарласып, өзіне тиісті құжаттар мен ақшаны қайтарып алған.

    Инстаграм желісінде тарай бастаған жүргізушінің видеосы жұртты сүйсіндірді.

    https://www.instagram.com/p/B4toY0THOta/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    Атышулы Назар Роллан көлікте қыздарды шешіндірді (видео)

    Көшеде жыныстық қатынасқа түсіп масқара болған ер мен әйелдің кім екені белгілі болды (видео)

    “Қазақтар ол жақта қатты қысымда…” – екі қандасымыз шекараны бұзып, Қытайдан қашып келді (видео)

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.