19 C
Алматы
Сенбі, 25 Қыркүйек 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Қызылорда облысында цемент өндіретін қытай зауытындағы жергілікті жұмысшылар да әлеуметтік теңсіздіктің зардабын тартып жатыр. Құнарсыз ас, мардымсыз жалақыға шағымданған бір топ жұмысшының бейнежазбасы желіде тарап жүр. Онда тіпті зауыт басшысы қазақ азаматтарына қытай тілін үйренсеңдер ақша беремін деп үгіт жүргізгені де айтылған. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі zhasalash.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    – Упаковкада шаң болады. Бізге экологический төленбейді. 42 мың оклад. Айран беру керек. 8 балаға 2 баклажка айран беріледі. Ол не болады? – дейді бейнежазбаға түскен жұмысшылардың бірі.

    Бір сөзбен алпауыт зауыттағы тынымсыз тірлік емес, мұндағы жұмысшыларға жағдайдың жасалмауы титықтатады дейді бір топ азамат. Жұмыс уақыты аяқталғанша әбден шаңға бататын жұмысшыларға зауыт ішінде жуынатын жер қарастырылмаған. Оның үстіне зауытта берілетін астан ауру тапқандар да бар деп қапалы. «Кешкі ас, обедтерінің сапасы өте нашар. Балалар ауырып қалып жатыр. Ауырған жігіттер де бар. Скорый шақырдық осы жаққа», дейді.

    Ал зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші болған көрінеді.

    «Мың сөзге 40 мың беремін дейді. Оны осындағы ген. директор айтты».

    Маңдайшасында «Қытай қуаты» деп тек ағылшын, қытай тілінде жазылған Шиелідегі цемент өндіретін зауытқа арнайы бардық. Бірақ, желідегі жазбада шағым айтқан жігіттердің мәселесін өз ауыздарынан тыңдағымыз келгенімен, олардың бірін де табу мүмкін болмады. Зауыт басшыларының сөзінше ол азаматтардың бүгін жұмысқа түсетін ауысымы емес екен. Ал зауыттағылар бейнежазбадағы мәселермен таныспыз дейді.

    – Интернеттегі мәселеге байланысты… Тамақ мәселесі күнделікті үш мезгіл стандартқа сәйкес беріледі. Ал одан бөлек қазір уақытша жуынатын жер жасалып жатыр. Біздегі барлық еңбекақы Қазақстанның заңымен бекітілген еңбек өлшемімен беріледі, – дейді «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС өндіріс бөлімінің директоры Фу МИНГ.

    Зауыт басшылары осы мәслелерді жергілікті әкімдіктегілер де тексерген деп отыр. Ал былтыр іске қосылған «Гежуба Шиелі Цемент» қытай зауытында бүгінде 200-ден аса маман бар. Олардың 47-сі қытай азаматтары.

    Похожие записи

    Басы дауға қалған Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

    Ақтау тұрғындары педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады

    Фариза

    Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.