8 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда алғаш рет педофилдерге химиялық кастрация жасалуда

    Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді. Бұл процедура қазіргі уақытта екі адамға жасалып жатыр, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Он бір адам химиялық кастрация жасау жазасына кесілді. Олар 2018 жылдың 1 қаңтарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне келді. Қазіргі уақытта екі адамға (Павлодар және Ақмола облысы) химиялық кастрация жасалып жатыр”, – деді қылмыстық-атқару жүйесінің комитетінде.

    Бұл процедура сот-психиатриялық сараптама негізінде сот шешімімен жүзеге асырылады. Химиялық кастрация 18 жастан асқан педофилдерге қолданылады.

    Химиялық кастрацияға қанша қаражат бөлінді

    Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарды химиялық жолмен піштіру ресми түрде рұқсат етілді.

    Өткен жылы бұл мақсатқа бюджеттен 9 миллион 629 мың теңге (25 мың доллар) бөлінген. Алайда, химиялық кастрация жасайтындар болмағасын, қаражат бюджетке қайтарылды,  деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

    Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің мәліметіне сәйкес, химиялық кастрация жасауға 2019 жылы 11 миллион 038 мың теңге (28 мың доллар) бөлінген.

    Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының бюджеттік өтініштері бойынша 2019 жылы 88 науқасты, ал 2020 жылы 71-ін химиялық кастрациядан өткізуге қаражат сұралған.

    қатысты посттар

    “Түптің-түбінде Алла жазасын береді” Блок-бекетте қайтыс болған полицейдің анасы мен жары кінәліні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрауда

    Фариза

    Шымкентте оқушы өлімі орын алған мектептің директоры жұмыстан шеттетілді

    Фариза

    42 500 теңгені алу үшін egov арқылы қалай өтініш жіберуге болады (нұсқаулық)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.