8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Жұрттың баласы” – қазақтың басты жауына айналған құлдық сана

    “Мүмкін емес нәрсе жоқ”. Бұл – жақында ғана көпұлтты ірі халықаралық компанияға жұмысқа орналасқан қазақстандық қандасымыз Салтанат Егемованың ұранға айналған сөзі. Неге десеңіз, қарапайым ғана ауылдан шыққан қазақтың қара домалақ қызы – ешкімнің көмегінсіз, көп қаражаттың қажетінсіз де өз дегеніңе қол жеткізуге болатынын дәлелдеген жан. Жас та болса әлемнің 25 еліне саяхаттап, мол тәжірибе жинақтаған Салтанат бүгін де қазақ жастарына “көкең не ақшаң болмаса сен ешкім емессің” деген қатып қалған қағидадан арылып, ешкімге алақан жаймай жетістікке жетуіне әбден мүмкіндігі бар екендігін, тек әрекет жасай білу керектігін айтқысы келеді. Жап-жас қыздың осындай ірі халықаралық компанияға жұмысқа орналасуы, әрине, адам қызығарлық дүние. Көп жастардың қолы жетпей жүрген бұл жұмысқа Салтанат қалай орналасты, ол үшін не істеу керек, осы сұрақ төңірегінде ол өзі былай дейді:

    “Біріншіден, өз-өзіңе деген сенімділік керек. Айналамдағы адамдармаған не айтса да, қандай жағдай болса да, мен үнемі өз-өзімді сенімді ұстаймын. Бұл, әрине, кейбіреулер үшін маңызды болып көрінбеуі мүмкін.

    Қазақстанда жүргенде мен өзіне сенімсіз адамдарды көп кездестіретінмін. Меніңше, бұл қазақтардың “жұрттың баласы керемет” деп тәрбиелейтін қателіктерінен. Әрине, қандай  ата-ана болсын баласын жаман болсын демейді, бірақ бұл сөзді айтатыны да өтірік емес. Баланың жасқаншақ болуының себебі тек осы сөзге байланысты деп айтудан аулақпын. Бірақ, ең басты себептерінің бірі екендігін де ескере кеткен жөн. Мен ата-әжемнің қолында өскендіктен,”жұрттың бласы” деген сөзді естіген жоқпын. Сондықтан да болар өзіме деген сенімімнің болуы. Әрине, бұған айналамдағы адамдар да әсер етті, сондай-ақ, мен өз-өзіңді дұрыс бағалауға үйрететін фильмдер мен әдеби кітаптарды көп оқыдым. Сондықтан, ең бірінші өзіңе деген сенміділіктің болуы маңызды деп есептеймін.

    Екіншіден, барлығы тәртіп бойынша болуы керек. Серуендеуде, іс-шараларға баруда, интернет қолданғанда әрқайсысында да белгілі бір шектеулі уақыт болғаны дұрыс.Сондай-ақ,  жұмыстың талаптарына лайық болу үшін өзіңді жетілдіруге жұмыс жасау керек. Мәселен, кейбіреулер үшін тілді меңгергенін дәлелдейтін сертификат керек болса, кейбіреулерге арнайы кәсібисұхбаттасуларға барып тәжірибе жинақтаған жөн. Мүмкіндігінше, өзіңді жетілдіру үшін  барлық істі жасау керек.

    Үшіншіден, қазіргі таңда интернетте сұхбаттасудан қалай сәтті өтуге болатынын көрсететінарнайы видеолар өте көп. Сол видеолар арқылы өз-өзіңізді жетілдіріңіз.

    Төртінші, жұмыс іздеудің барлық жолдарын қарастырыңыз, арнайы мекемелерге барып сөйлесіңіз! Ешқашан берілмеңіз! Өзіңіздің ой өрісіңізді, дағдыларыңызды, кәсіби біліміңізді дамытыңыз. Интелект адамдар бірден көзге көрінеді. Сондықтан, армандауды тоқтатып, арманыңызға жетуге әрекет жасаңыз!” – дейді Салтанат.

    Иә, байқап отырғанымыздай, адам бағындырмайтын белес жоқ. Тек шынайы қалап, әрекет ете білген адам ғана өз биігінің шыңына шығады. Ең бастысы жоғарыда аталған қағидаларды есімізден шығармаған жөн.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Ротвейлер өз иесінің қызын талап өлтірді

    “Масқараға тап болдым” Алматы облысында арақ ішіп отырған ер адамдарды әкім қуып жіберді (видео)

    Фариза

    БҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген студентке қатысты сот үкімі шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.