5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    “Сенің ақылыңды сұраған жоқпыз” Қанат Айтпаев Нұртас Адамбайға жауап қайтарды

    КВН-да ойнап, кейін кино түсіруге бет бұрған Нұртас Адамбайға Димаш Құдайбергеннің “Қалжыраған аққулардың махаббаты” әніне шетелде түсірілген клипі ұнамаған. Алдында “Игорь Крутоймен байланысыңды үз” деп ақыл-кеңес берген ол, бұл жолы Димашқа отандық Айсұлтан Сейітов деген режиссердің қызметіне жүгінуге кеңес беріпті. Димаштың әкесі Қанат Айтпаев продюсердің бұл ұсынысына қысқа жауап қайырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Осы мазмұнда желіде жарияланып, қызу талқыға түскен продюссердің жазбасы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтпаевтың да көзіне түскен. Ол кісі өздеріне ақыл берген Нұртас Адамбайдың жазбасы астына қысқа жауап қайырыпты.

    “Сенің ақыл-кеңесіңді сұраған жоқпыз. Өз ісіңмен шұғылдансаң дұрыс болады” деп жазды Қанат Айтпаев.

    Нұртас Адамбай да Димаштың әкесінің бұл жауабын жауапсыз қалдырмады:

    “Достар, негативтің не қажеті бар? Ешкім Сіздерге жамандық қаламайды. Әлемге күліп қарасаңыз, әлем де Сізге құшағын жаяды” деп жазды ол.

    Ал мынау Нұртас Адабайдың желідегі Димаштың бейнебаяны туралы жазбасы:

    “Бұл бейнебаянды алғаш рет тамашаладым. Шындарыңызды айтыңыздаршы, Сіздерге ол ұнады ма? Менің пікірім: Димашқа бейнебаяндарының режиссерін ауыстыру керек. Неге өзіміздің отандасымыз Айсұлтан Сейітовты шақырып алмасқа, ол шынымен де керемет видеолар түсіреді.

    Жерде жатқан қанаты бар адамдар – бұл оған нағыз керек емес нәрсе. Бұл менің жеке пікірім, менің қателесуім де мүмкін”.

    Ал алдында ол “Игорь Крутой уақытыңды текке кетіріп жатыр, онымен байланысыңды үз” деп те Димашқа ақыл айтып, желіде жазба жариялаған еді.

    қатысты посттар

    Қылмыс әлемінің ханшаймы туралы не білеміз?

    Денис

    “Қазақстанға келгенше, Үрімжіге барып тұрғаным артық…” – қазақ қызы Шұғыла

    «Депутат па»: Желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.