7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Ұлымнан үлкен 13 ересек адам бәрі жабылып, баламды ұрып, тепкіледі”

    Алматыдағы Гагарин даңғылының бойында адамдарды қара түсті көлігімен таптап өте шыққан жігіт әлі қамауға алынған жоқ. Ал, сол көшеде ары-бері ойқастап жүрген екінші көлік – ақ Тойота Камридің рөліндегі күдікті Жандос Әлекеев қолға түсті. Екі көліктегі жігіттер – бір үйдің балалары деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арна-ға сілтеме жасап.

    Қазір Алакөлден Алматыға келе жатқан ағайындылардың аналарының айтуынша, қара көліктегі Дінмұхаммед Әлекеев, соққыға жығылған ағасын қорғау үшін осындай қадамға барған көрінеді.

    “Сөзге келіп, 13 адам төбелескен. Менің ұлым қатты ішпейді. 13 еркек, менің ұлымнан үлкен, ересек адамдар бәрі жабылып, баламды ұрып, тепкілей бастаған. Оны көрген кіші інісі 664 нөмірлі қара көліктегі екінші балам, топ адамды қорқыту мақсатында көлікпен оларға қарай жүрген. Өйткені, онда Жандосты өлімші етіп, ұра бастаған”, – дейді Назира Әлекеева.

    Екінші күдікті әлі полиция іздеуінде. Ал, олардың қылмысы қайта сараланып, тағылған айып күшейтілген.

    “Сезіктілердің іс-әрекеттері қайта сараланып, адамның өміріне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл аса ауыр қылмыс болып табылады. 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімін көздеп отыр”, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    қатысты посттар

    Бір арнада “Қалаулым”, бір арнада “Өз ойым”. Бұл не сұмдық?

    “Ішімдік ішіп, есірткі қолданған” 2 адамның өмірін жалмаған 20 жастағы жүргізуші ұсталды

    Фариза

    Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды, оның 11-і адам өлтіру дерегі бойынша

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.