9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ауылдас досының әйелін зорлап өлтірген сотталушы түрмеде асылып қалды

    Тараз түрмесінде асылып қалған сотталушы, 12 жыл бұрын жасаған қылмысына өкініп, өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің пайымы осы. Жазасын өтеуші аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылған. Оқиға ЖД-158-де 7 мекемесіндегі ағаш өндеу цехында, кеше кешкі сағат 6-лар шамасында болған. Алайда ол аумақта бейнебақылау камералары болмаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

    Теңізжан ЖӘНІБЕКОВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ :

    Ол өзінің ауылдас досының әйелін зорлап өлтірген. Сондықтан ол бұл 2008 жылы болған оқиға. Соны өкініп уайымдап жүрген. Бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Біздің есепте тұрған. 2016 жылдан бері бақылауда ұстадық.

    Алайда өкінішке орай осындай қараусыз қалған кезінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Алайда бұл оқиға туралы әлеуметтік желіде бірінші болып құқық қорғаушы

    Елена Семенова жария етті. Ол өзін-өзі өлтіру нұсқасына сенбейді. Қазіргі уақытта медициналық сараптама тағайындалған.    Елена СЕМЕНОВА, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ:

    Қазақстанның түзеу мекемесінде сотталушының кезекті өлімі. Құзырлы органдар өзін-өзі өлтірді деп айтады, бірақ сотталушылар бұл нұсқаға сенбейді. Мен де сенбеймін. Мекемеде тағы бір нәрсе болып жатыр, сотталушыларға хабарласуға мүмкіндік берілмей отыр. 12 жылдан бері өзіне қол салғысы келсе осынша ұзақ уақыт ойланбас еді. Оны психолог мамандар да айта алады. Жазасының жартсынан көбін өтеген ол бұл қадамға баруы мүмкін емес.  

    қатысты посттар

    Қазақстанда аса қауіпті дерт таралып жатыр

    Фариза

    Шымкенттік 400 отбасы азық-түлік себетіне қол жеткізді

    Фариза

    Жамбыл облысы әкімі шешімінің жобасы жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.