10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қосымша бес мың гранттың иегері болу үшін қанша бал жинау керек?

    Көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары 086-У медициналық анықтамасы мен ҰБТ сертификатын тапсыруы тиіс. Көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына қосымша бес мың грант тағайындау 10 тамызға дейін жалғасатын болады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz арнасына сілтеме жасап.

    Тегін білім алу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде шекті балл (ұлттық университеттер – 65 балл, өзгелері – 50 ұпай, “педагогика ғылымдары” бойынша кемінде 60 балл) жинау керек.

    Байқауға қатысуға қажетті құжаттар:

    • бекітілген үлгідегі бланкіде өтініш;
    • білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде түпнұсқасы болуы керек);
    • ҰБТ сертификаты;
    • 086-У формасындағы медициналық анықтама;
    • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • мәртебесін растайтын құжаттар (көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан).

    Грант тізімі

    Қосымша бес мың грантты жергілікті атқарушы органдар байқау негізінде тағайындайды. Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері байқау комиссиясын құрады.

    Білім гранттарын тағайындау және ЖОО-ға түсу 25 тамызға дейін жалғасатын болады. Грант иегерлерінің тізімін жергілікті БАҚ жариялайды.

    Өңірлерде байқауды өткізуге жауаптылардың аты-жөні мен байланыс телефонын білім министрлігінің сайтынан табуға болады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балаларына бес мың білім грантын бөлуді тапсырған болатын.

    қатысты посттар

    “Мас депутат” “Ақ жол” партиясы Қазыбек Иса түсірілген видеоны растамады

    Фариза

    Аралда балық өсіретін инкубациялық цех іске қосылды

    Фариза

    Алматылықтар электр энергиясы үшін көбірек төлейтін болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.