10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары өзгеруі мүмкін

    Атаулы әлеуметтік көмек неге жырға айналып кетті. Оны беруді қандай қателіктер орын алды ? Айласын асырып, жағдайы бола тұра қосымша ақшаға қол жеткізіп келген, кімдер? Облыста ветеринария саласындағы олқылықтар қандай? Осындай салмақты сауалдар мемлекеттік қызмет істері департаменті жанынан құрылған ведомстваралық жұмыс тобының отырысында талқыланды. Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында алдымен аймақтағы мал базарлардағы ветеринария саласындағы кеткен кемшіліктер сараланды. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша Меркі аудандық мал базар аумағына ветеринариялық пункт ашу көзделіп отыр. Мұнан соң «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі қаралып, оны көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Көптің көкейінде жүрген атаулы әлеуметтік көмек беру кезінде кеткен кемшіліктер тізбектелді. Алты айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 32 мың 65 отбасы үкімет тағайындаған жәрдемақыға қол жеткізген. Табысы асып немесе құжаттары сәйкес келмеген 4112 отбасына жәрдемақы берілмей, кері қайтарылған. Бұл тұрғыда аудандар мен Тараз қаласында да бірқатар олқылықтар орын алғаны оны тексеру барысында анықталған. Осындай кемшіліктер өзге де жеті ауданда кеткен. Комиссия тексере келе бақуатты адамдардың да жәрдемақы алғандығын көрдік. 7 ауданнан 3,4 млн теңге бюджетке қайталып отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» шарттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осылайша аталған заңға өзгерістер енгізілетін болса елімізде төрт баладан жоғары, көп балалы отбасылар еш қандай құжат жинамай –ақ, бала басына жәрдемақы алуы ықтимал. Бұл халыққа да бізге де тиімді болар еді, – дейді мамандар. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде де кеңінен айтылды. Шенділердің басын қосқан сол жиында министр кеткен кемшіліктерді жіпке тізіп, тірлікті тездетіп түзетуді тапсырды. Бағдарламаға енгізілген өзгерістер бойынша жұмысты жандандырып, бір жүйеге түсіру керектігін атап өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік – еңбек саласындағы көрсеткіштері жан-жақты талданып, талқыланды. Жәрдемақы тағайындау барысында көптеген шикіліктер орын алған көрінеді. Иә, жасыратыны жоқ, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін, заңды белден басып, ардан аттағандардың саны артты. Өтірік ажырасу, зәулім үйі мен қымбат көлігін жасыру, жүріп тұрған кәсібін тоқтату. Әрине, мұның бәрі тек қағаз жүзінде. Бұл ретте кіріс департаментінің жұмысы сынға алынды. Жұмыспен қамту орталықтарында 1216 арыз осы уақытқа дейін қаралмаған екен. Әр арыздың қаралу мерзімі барын ескерткен министр, ширақтық танытуды талап етті. Десек те, Жамбылдағы жалпы жағдай көңіл көншітерлік болып отыр.

    қатысты посттар

    Таразда күзде «Анаға тағзым» орталығы ашылады

    Фариза

    Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 300-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.