10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Желіде биімен танылған “Алтын белгі” иегері кім

    Желіде би билеп танылған “Алтын белгі” иегері Сабина Батенова өз әрекетін түсіндірді. Оқушы өзін танымалмын деп есептемейді.

    “Марапаттау рәсімінде мен “Алтын белгі” алдым. Бұл мен үшін қуаныш. Әбдіжаппар Әлқожаның өнер көрсетуі де қуанышымды еселей түсті. Қуаныштан өзімнің қалай билеп кеткенімлі білмеймін. Бәрі маған қарап, видеоға түсіре бастады. Әйел кісі келіп, маған ұрысты. Мен сонда да одан қашпақ болып ем, полицейлер ұстап алды”, – деп күлді оқушы қыз. 

    Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Мен оқиға осылай аяқталады деп ойлаған жоқпын. Үйге келсем, бәрі мен билеген видеоларды жіберіп жатыр. Көп адам пікір жазған, көбісі жағымды пікір қалдырыпты”, – дейді Сабина. 

    Сабина Батенова мектепте белсенді болды. Бала күнінен билегенді жақсы көреді. Бес тілді еркін меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын, әзірбайжан, түрік, хинди тілін біледі. Жастар еріктілер бірлестігінің мүшесі. ҰБТ-ны да сәтті тапсырып шыққан. 

    “Әзірге қайда оқуға тапсыратынымды айтпаймын. Тек гуманитарлық бағытқа баратынымды айтайын. Маған матемтика, физика, хими пәні де ұнайды. Қазақстанда оқуды жоспарлап отырмын”, – деді үздік оқушы. 

    Бұған дейін оқушы қыздың би билеген видеосын жарияланға едік. 

    қатысты посттар

    2022 жылы зейнетақы мен жалақы мөлшері қалай өседі?

    Фариза

    Қызылордадағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді

    Фариза

    Қызылорда облысында карантиндік шектеулердің әсерінен вирус динамикасы тұрақталып келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.