4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өңірді дамыту – ортақ міндет

    Бүгінде үкіметтен берілетін жәрдемақымен ғана күн көріп отырған халыққа қосымша табыс көзін табу керек. Мәселен: Жамбыл облысы халқының 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Ендеше, шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын жақсарту үшін не істемек керек? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен ағымдағы жылдың наурыз айында атқарушы биліктің жұмыс алгоритмі бекітілді. Алгоритмде жоғарыдағы мәселелер толығымен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда қарапайым заттар экономикасын дамытудың маңызы айрықша. Өйткені, Қазақстан бүгінде импортқа әбден тәуелді. Енді, міне Елбасының тапсырмасынан кейін «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту ісі жедел қолға алынып, оны әрбір өңірде жүзеге асырудың тетіктері іске қосылды. Өңірлік кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелеріне қолдау көрсету арқылы біз сырттан келетін тауарларды нарықтан ығыстыра аламыз. Ол үшін іскер азаматтармен бетбе-бет жүздеіп, кімге қандай қолдау қажеттігі жөнінде ауызба-ауыз пікірін тыңдап, өңірлік кәсіпорындардың әлеуетін көзбен көру маңызды. Бұдан бөлек, аудандардағы әрбір елді мекендердегі әрбір үйді есепке алып, олардың ішінде бау-бақшасын игере алмай отырғандарға да қолдау көрсету негізгі жоспарға енген. Мақсат – ауыл тұрғындарының картоп, қияр, қызанақ секілді бау-бақша немесе көкөніс өнімдері мен айран-сүтін, ет, жүн, тері секілді бұйымдарын әр ауылдық округте құрылатын кооперативке өткеру арқылы қолдау көрсету. Сонда ғана жұрт керегін алыстан іздемей, тауарын өз ауылында тиімді бағаға өткеруге мүмкіндік алады. Бұл ауылдық округтерді дамытудың ең тиімді жолы. Осы мақсатта облыс басшысы Асқар Мырзахметов облыстағы 10 ауданды аралау үшін іс-сапарға шықты. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасарлары Мұратхан Шүкеев пен Нұржан Календеров және облыс әкімдігінің 14 басқармасының басшысылары облыстағы 373 елді мекенді жеке-жеке аралап, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесу өткізуді бастады.

    Асқар Мырзахметов облыс аудандарын аралау барысындағы жұмыс сапары Меркі ауданындағы Ақтоған ауылынан бастау алды. Түсінікті тілде айтсақ, бұл жұмыс сапарының негізгі нәтижесі әрбір ауылдың әлеуметтік паспортын және ауылдардың экономикалық дерекқорын дайындау. Осы талап жетегімен өңір басшысы сол аудандағы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы №18 мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен, кәсіпкерлік және шаруа қожалық басшыларымен кездесіп, Жамбыл ауылындағы әрбір үйді аралады.

    Т.Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылындағы №7 мектеп ғимаратында ауыл тұрғындары, кәсіпкерлік және шаруа қожалық басшыларымен де жүздесіп бұл ауылдың да әрбір ауласын аралап, тұрғындардың тұрмыс деңгейін, өз бау-бақшасын игерудің мүмкіндігін зерделеді. Бұдан кейін Меркі ауданындағы жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмінің және «Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бір сөзбен айтқанда бұл игілікті істердің барлығы ел дамуы үшін, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру үшін керек.

    қатысты посттар

    Қарқынды алма бағының қарқыны жоғары

    Жамбыл облысының әкімі қайырымдылық жасауға шақырды

    Фариза

    Қызылорда: Қазалылық тұрғынға 1 млн теңгенің қызметін МӘМС тегін ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.