19 C
Алматы
Сейсенбі, 5 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шетелдік суретшілер ШҚО табиғатына тәнті болды

    Шығыс Қазақстанның әсем табиғаты аясында он күннен астам әлемнің әр түкпірінен келген қылқалам шеберлері «Ұлы дала палитрасы» атты халықаралық суретшілер плэнері аясында көркем жұмыстарын жазды.  

    Айта кетсек, 3 маусым күні ШҚО-ға 10 мемлекеттен, соның ішінде  Ресей, Германия, Франция, Түркия, Қырғызстан, Грузия, Литва, Әзірбайжан, Өзбекстан және еліміздің танымал 20 суретшісі келді. 4-11 маусым аралығында суретшілер Катонқарағай ұлттық саябағындағы «Рахман қайнары» шипажайының аумағында, Алтайдың жүрегінде Ұлы даланың көне тарихымен танысып, өз жұмыстарын салды.

    Плэнер жұмысын фестивальге ұйытқы болған облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен көркем суреттер көрмесі қорытындылады. Аймақ басшысы әрбір еңбекке ерекше тоқталып, суретшілер – әлемді басқа қырымен сезінетін ерекше жандар екенін атап өтті. 

    – Бүгін Шығыс Қазақстанның көркем жерлері мен тылсым табиғатынан сыр шертетін қылқалам шеберлерінің жұмысына куә болып тұрмыз. Әрбір сурет өзінше ерекше, қызықты және бірегей. Жақын арада көркем және бейнелеу өнерінің орталығы, Қазақстан тарихынан, археология және цифрландыруды қамтитын бірегей мұражай құрылысын бастаймыз, – деді облыс әкімі.

    Суретшілер Алтайдың інжу-маржаны Шығыс Қазақстанның табиғатынан жоғары әсер алды. Плэнерге қатысушылар халықтың зор ылтипатына, қонақжайлығына шексіз алғыстарын білдірді.

    – Мен бар сезімімен, жан-дүниеммен көркем еңбектерімді жасадым. Өз Отаным – Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта әріптестік байланыс орнататынымызға кәміл сенемін. Аталмыш фестиваль іспеттес Берлинде де өткізсе жақсы болар еді. Қазақстандық суретшілерге бұл өте қызықты болары сөзсіз  деп ойлаймын,- деді Берлиннен келген суретші Болат Мекебаев.

    Расымен, көрмеде қойылған әрбір еңбек көз тамсандырып, үздігін анықтау қиынға соқты. 100-ден астам еңбек облыстық өнер мұражайына тапсырылады. «Жастар» паркінде пленэрге қатысушылардың шеберлік сабақтары өтті. Сонымен қатар Жастар жылы аясында суретшілердің еңбектері көрсетілген «Жастар арбаты» өз жұмысын бастады.

    Похожие записи

    Шымкентте кәсіпорындардың санитарлық норманы сақтауы бойынша рейд жалғасуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН КӨТЕРГЕНДЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

    Фариза

    Шымкентте «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.