10 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Назарбаев президенттікке бірнеше кандидатты қарастырған…” – Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда биліктің ауысуы үш жыл бойы қаралғанын айтты, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұрагері болуға бірнеше кандидатты қарастырған болатын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев “Ресей” телеарнасына берген сұқбатында.

    “Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды”, – деді Тоқаев.

    Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді.

    “Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды”, – дейді мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Келесі күні сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады.

    қатысты посттар

    Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін орнынан алып тастау дұрыс емес!

    42 500 теңгені алудың жаңа шарттары: Ресми жұмысшы статусын қалай алуға болады, Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қалай жане кім төлейді

    Фариза

    Назарбаевпен жылап көрісесіңдер – Ринат Заитов (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.