9 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Айт намазының алдында нелерді істеу керек?

    Ораза айт алдымен мешіттен бастау алады. Күллі мұсылман таң атысымен Алланың үйіне қарай ағылып, алдымен құлшылық жасайды. Мешітке бармас бұрын нені ескерген жөн?

    Пайғамбарымыздың (ﷺ) көрсетіп кеткен төмендегідей амалдарын істеу сүннет болады:

    Пітір садақасын беру. Ай бойы пітір садақасын беруге үлгірмеген кісілер болса, айт намазынан бұрын беру керек. Одан кейін берілсе ол пітір садақа болып саналмайды.

    Ғұсыл алу. Жуынғанда тұтас денеге су тиюін қадағалаған дұрыс. Жеткілікті сумен ауыз қуысын, мұрынды да шаю керек.

    Мисуак қолдану. Айт намазы оқылатын мешіттер әлеуметтік орын болғандықтан ауыз қуысының тазалығыне мән беру керек. Бұл мұсылманның сипаттарының бірі. Пайғамбарымыздың (ﷺ) әрдайым қолданған мисуак тұтынған. Бұл – сүннет амал. Алайда, мисуак болмаған жағдайда тіс пастасы, щеткасын да қолдансаңыз құба-құп.

    Жақсылық жасау. Басқаларға рухани-материалдық қол ұшын беру, көмек көрсету. Сонымен бірге айт намазына жеткізіп салу, тіпті айналаңыздағы адамдарға жылы сөз сөйлеп, ашық қабақ, жылы шырай таныту да жақсылық саналады.

    Ең тәуір әрі таза киім кию. Жаңа немесе таза, үтіктеп, жарасымды, үйлесімді киім киіп барған абзал.

    Намазға ерте бару. Шариғи тұрғыда ерте келу көп сауапқа себеп болатын болса, қала берді бұл дағдының жеке тұлғаның дамуына да пайдасы орасан. Көбірек Құран тыңдап, уағызын естуге, айт намазына үлгеріп, соңынан хұтбаны да толық тыңдауға мүмкіндік аласыз.

    Құрма жеп шығу. Алла Елшісі (ﷺ) ораза айт намазына шығардан бұрын үйінен саны тақ болатындай (1, 3, 5, …) құрма жеп шығатын болған.

    Мешітке барар жолда тәкбір айту. Раббымызға «Аллаһу әкбар(Алла ұлық)» деген сияқты мадақ-зікірлер айтқан жөн.

    Дереккөзі: Ummet.kz

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында бюджет қаржысы тиімді игерілуде

    Фариза

    “Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.” Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.