15 C
Алматы
Сенбі, 11 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Абай Арена» керемет кешенге айналып келеді

    Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында бой көтеріп келе жатқан
    «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені өңірдегі, тіпті еліміздегі ерекше
    заманауи нысандардың бірі болмақ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан
    облысының әкімі Даниал Ахметов орт кешенінің құрылысын аралап,
    көрген кезде айтты.
    Бүгінгі таңда бас корпусты шынымсен қаптау жұмыстары толық
    аяқталып, ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен ауланы абаттандыру ғана
    қалған. Болашақта спорт нысанының алдында қылқан жапырақты ағаштар
    отырғызылған әдемі саябақ болады.
    – Сөз жоқ, «Абай Арена» тамаша кешенге айналып келе жатыр.
    Еліміздегі ең керемет шағын аудан осы жерде болуы керек. Мұндай шағын
    аудан басқа ешбір жерде жоқ. Барлық инфрақұрылым жүргізілген, ені алты
    метр болатын кең көлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған тақтайдай
    тас жол бәрі де көррер көзге көрікті, сапасы да жақсы. – деген облыс әкімі
    Даниал Ахметов дәл осындай мәдени-спорттық кешенді Өскеменде де
    салуды ұсынды.
    Айта кетейік, Қарағайлы шағын ауданында биыл көпқабатты 30 тұрғын
    үйдің құрылысы басталады, оның тоғызы жалдамалы үй болса, 21-і несие
    арқылы беріледі. Бүгінге дейін ол жерде 14 көпқабатты үй қолданысқа
    берілсе, жыл соңына дейін тағы алты тұрғын үйге тұрғындар қоныстанатын
    болады. Одан бөлек биыл 1200 орындық мектеп пен 320 орындық балабақша
    жобасы әзірленіп жатыр. Бұл екі нысанның да құрылысы келер жылдан
    басталады.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі.

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысына 271 млрд теңге инвестиция алып келу жоспарлануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.